Бейсенбі, 24 Қараша 2022 14:53

ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Үшінші мегаполистегі әлеуметтік қызметтер көрсету мекемелерінің жұмысы –республикамыздың өзге өңірлеріне үлгі. Саладағы озық тәжірибені үйрену үшін – Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері Шымкентке келді. Алғаш болып, сала өкілдері «Бақытты жанұя» орталығының жұмыс методикасымен танысты. Бірегей мекеме  - көп балалы және аз қамтылған аналардың өзекті мәслерін шешумен айналысады. Орталық жыл басынан 41 мыңнан аса анаға қызмет көрсетіп, кәсіптік курстарға оқытқан. Ең бастысы,аналарды  оқытып ғана қоймай, әрі қарай мемлекеттік грант алуға бойынша заңды кеңес беріп, өз бизнестерін ашуға дейін жетелеуде.  Нәтижесінде «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 ана грант иегері атанып үлгерген.Зейнеткерлер оңалту процедураларынан өтуде. Сала өкілдерінің аялдаған кезекті нысаны  - «Белсенді ұзақ өмір» орталығы. Қариялар мұнда жүрек, асқазан, бауыр, бүйрек құрылысына арналған емдік шай ішіп, тұз кешенінде тыныстап, ем алуда. Сонымен қоса, дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар жасауда. Арасында араб, ағылшын тілін үйрету курстары өткізілсе, қосымша қызмет алушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға да мүмкіндіктері бар.Ал, мүгедектігі бар азаматтар үшін қызмет көрсететін мемлекеттік «Тең қоғам» орталығы әзірге тек Шымкент қаласында жұмыс атқаруда. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екені белгілі. Мұнда, «Бір терезе» қағидасымен 5 бағыт бойынша - әлеуметтік такси қызметі, санаторлы – курорттық емделуге жолдама алу, инватакси қызметі ұсынылады. Биыл жыл басынан орталық тарапынан 8216 мүгедектігі бар азаматтарға көмек көрсетілген. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Нұрбек Ратбекұлы, қаламыздағы әлеуметтік мекемелер жұмысын жоғары бағалап, жұмыс методикасын өз өңірлерінде де енгізуге ниетті екендігін жеткізді.

Оқылды 725 рет