Түркістандық кәсіпкер кондитерлік цех ашып, өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Түркістан қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Нағипа Жанкеева кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашқан. Бүгінде торт, пирог, самса сынды 10-ға жуық нан өнімдерін өндіреді. Болашақта цех ауқымы мен өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Түркістан қаласында мемлекеттің қолдауы арқасында шаруашылықпен айналысатын кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді

Түркістан қаласының тұрғыны, 3-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматша Зухра Әбдіжаппарова мемлекеттік «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы грант жеңіп алып, үй іргесінде құс шаруашылығын қолға алған. Бүгінде кәсіпкер 50-ге жуық тауық асырап отыр. Күніне 20-ға жуық жұмыртқа алып, саудалайды. Тапсырыс бар. Алдағы уақытта құстар санын көбейтуді көздеп отыр екен.

Түркістан қаласының туристік және кәсіпкерлік әлеуетін көтеретін нысандар салынбақ

Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды.

Ордо - қырғыздардың асығы

"Аq-qara.kz" сайт "Спорт-денсаулық кепілі" жобасын бастады. Негізгі мақсат-елімізде және Шымкентте бұқаралық спортты дамыту және насихаттау. Әр шығарылымда біз көптеген адамдарға ыңғайлы спорт туралы жазамыз. Сарапшылар ретінде табыстың шыңына жеткен танымал Чемпиондар, әуесқой спортшылар таңдалады. 

Бұл мақалада біз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел құрамасына күміс жүлде сыйлаған қырғыз халқының ұлттық ойыны «Ордо» туралы жариялап отырмыз. 

Ордо. Шымкенттік: Ануарбекұлы Нұржігіт, Молжігітов Нұрқанат командалық ойын көрсетті.

Ордоның финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездесті. Өкінішке қарай, финалда отандық асықшылар қарсыластарына 96:18 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Ордодан Қырғызстан құрамасы жеңімпаз атанса, Қазақстан күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал үшінші орынды Тәжікстан құрамасы иеленді.

Айта кетейік, ордо ойынында команда құрамында 8 ойыншы, 1 бапкер болады.

Жарысқа 18 жастағы және одан асқан спортшылар қатыса алады. Жарыс ерлер арасында өткізіледі. Ордо тегіс жерде өтеді. Шеңбердің диаметрі – 12 м. Ойын ұзақтығы – 2 сағат.

Әр команданың бірыңғай спорттық формасы болады. Әрбір қатысушының спорттық футболкасында өтінімде көрсетілген нөмірлеріне сәйкес келетін нөмір болуы шарт.

Жарыстар Қырғыз Республикасының «Ордо Оюну» спорт федерациясының қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізілді.

 

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен кездесті

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен жүздесіп, еліміздің дамуында стратегиялық мәні бар энергетика кешенін жаңғыртуға арналған бастама жөнінде мағлұмат берді. Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндіктері туралы ғалымдар мен сала мамандары беріп жатқан ақпараттарға шолу жасап, тиімділіктері жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аудандағы Т.Бигелдинов, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептерде өткен кездесулерде штаб мүшелері елімізде атом энергетикасын дербес дамыту бағытында қажетті ғылыми және инженерлік ресурстар бар екенін айтты. Осы санатта Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Алматы қаласындағы Ядролық физика институты бар екені мәлімделді.

«Бұл институттар атом электр станциясын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету рөлін атқарады, ал қызметкерлері халықаралық МАГАТЭ сарапшылар құрамына кіреді», - деді Халықтық штаб мүшесі Бауыржан Елеусіз.

Ауданның орталық стадионында Халықтық штаб өкілдері спортшы жастармен кездесіп, атом электр станциясының ел болашағы үшін маңыздылығын түсіндіріп өтті. АЭС құрылысы Қазақстан экономикасы үшін энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, заманауи технологияларды енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарында жаңа мүмкіндіктер ашатыны жария етілді.

Шымкент: Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің отырысы өтті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасының орынбасары Нұрдәулет Абдусаттаровтың модераторлығымен өткен жиынға Палата қызметкерлері, кәсіпкерлер, бухгалтерлер қатысты. 

Мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мен  мекеме директоры Құрбан Жандос Керімұлы және кәсіподақ төрайымы Сыпатаева Күнсұлу Балқыбекқызы бірге ұжым мүшелерімен кездесу өткізіп, олардың жұмыстарымен және кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты. 

Қорытынды жиынында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясының қызметкерлерін «10 қазан -  Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен дирекцияның бөлім меңгерушісі Есимова Жанат Ахылбекқызы, филиалдың «Құрмет грамоталарымен» директор Құрбан Жандос Керімұлы мен бөлім меңгерушісі Төлбасықызы Жаухар, сондай-ақ филиалдың «Алғыс хаттарымен» дирекцияның кіші ғылыми  қызметкері Туранова Раушан Пернебайқызы мен мұражай қараушысы Абдолова Гулжан Шарданқызы марапатталды.

Жиын соңында дирекция басшысы Жандос Керімұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына алғысын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.