Super User

Super User

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті

Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева және қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

Түркістан облысында әкімшілік және әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасуда

Түркістан облысы аумағында әкімшілік және әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Өңірде 8 әкімшілік ғимараты бой көтеруде. Бүгінгі таңда 3 нысан пайдалануға тапсырылды.

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында 4 жаңа мектеп бой көтерді

Түркістан облысы аумағындағы елді мекендерде білім ұяларының құрылысы жалғасып жатыр. Қазығұрт ауданында бой көтерген 4 мектептің құрылысына облыстық бюджеттен жалпы 2 528,1 млн теңге қаржы қаралды.

Отырар ауданында керамика өндірісі және ағаш ұқсату шеберлерінің республикалық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін қазақ өркениетінің алтын діңгегі Отырарда «Ұлы Жібек жолы бойындағы керамика өндірісі және ағаш ұқсату өнері» тақырыбында республикалық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қазақ елінің өнер майталмандарының арасын жақындата түсетін, ынтымағын нығайтатын, дәстүрлі өнерін ұштастыратын ауқым іс-шараны Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директоры Айбек Жандосов ашып беріп, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға сәттілік тіледі.

Осы RSS каналға жазылу