Super User

Super User

Іскер әйел: жаңа мүмкіндіктер —2022.

Созақ ауданында «Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Іскер әйел: жаңа мүмкіндіктер —2022» тақырыбында облыстық форум өтті. Форумға республика, облыс деңгейінде арнайы спикерлер шақырылды.

Форумға келген қонақтар «Мыңжылқы» мәдениет сарайының екінші қабатында орналасқан фоэде аудандағы бірлестіктің белсенді мүшелерінің фото выставкасымен танысып және Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, қылқалам шебері «Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі Ақмарал Байғараеваның жеке сурет галлереясын тамашалады.

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демекші, бүгінгі әйел —билік басында ер адамдармен иық тірестіріп, жұмыс жасап, отбасымен қызмет бабын бірге қатар алып, еліміздің өсіп өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып келеді. Сонымен форумның шымылдығын айтулы бірлестіктің белсенді мүшелерінің іс шаралары мен атқарған жұмыстары бойынша жасалған арнайы бейнеролик ашты.

Бірлестіктің жұмысына оң баға бере отырып, форумның жұмысына сәттілік тілеген аудан әкімінің орынбасары Қ. Оразов, бірлестіктің бірқатар белсенді мүшелерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар белсенді мүшелерді Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, бірлестіктің бірқатар белсенді мүшелері «AMANAT» партиясының, облыстық «Атамекен» ҰКП директорының, облыстық іскер әйелдер кеңесі төрайымының Алғыс хаттарымен марапатталды.

«Бақ —Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, бірлестік мүшелерінің атынан он екі ауыл округінің он екі жас көпбалалы, үлгілі отбасыларына қаржылай сый сияпат тапсырды. Марапаттау рәсімі барысында қоғамдық бірлестіктің ең үздік үш мүшесіне арнайы номинациялар табысталды.«Жыл үздігі» номинациясы бойынша іскер әйел Бибімариям Тұрмаханова, « Үздік іскер әйел» номинациясы бойынша Рабиға Отыншиева, «Мейірімді жүрек» номинациясы бойынша Күләйм Дүйсенбекова марапатталды. Номинация иегерлеріне арнайы үлгідегі ленталар тағылып, сый сияпаттар тапсырылды. Форумға жиналған қыз келіншектермен асыл аналарға арнап «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндер жолдады.

Форумның модераторы «Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Майусова форумға қатысушыларды арнайы шақырылған спикерлермен таныстырып, форум жұмысы басталды.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, іскер әйел Инара Намазбаева «Іскер әйелдің қоғамдағы рөлі», Рухани жаңғыру, ғылыми тәжірибелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әдемі Толысбаева «Гендер және даму», Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Асыл—LTD» ТОО директоры Динара Егамбердиева «Іскер әйел— саяси көшбасшы», Республикаға танымал журналист Анар Сулеева «Іскер әйел қоғамның да, отбасының да ұйытқысы» тақырыптарында озық ойларын, ашық пікірлерін, ұтымды ұсыныстарын, тұщымды түйіндерін ортаға салды. Аудандағы әйелдерге қатысты. « тұрмыстық зорлық —зомбылық профилактикасы» бойынша бірлестік мүшесі, полиция майоры Айжан Манапова, және «Іскер әйел және жұмыспен қамту» тақырыбында « Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марал Ерназарова хабарлама жасады. Бұл жерде айта кету керек отбасылық зорлық зомбылық көріп жүрген қыз келіншектерге «Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері, материалдық, моральдық көмек қолдарын беріп тұрады. Сонымен қатар, жұмыссыз үй шаруасындағы бірқатар келіншектерге атаулы бірлестіктің белсенді мүшелері өз кәсібін ашуға, және еңбекпен қамтылуына ықпал жасап келген.

Атырау қаласынан келген «Күндерек» республикалық ақпараттық орталығының құрылтайшысы, іскер, кәсіпкер әйел Жібек Әшірхантегі, Республикалық «Аналар» журналының бас редакторы Ажар Момбек, « Ақ орда» жекеменшік білім ұясының негізін қалаушы, Түркістан облыстық іскер әйелдер ассоциациясының белді мүшесі Рысбекова Шынар ханым , форумға қатысушыларға ақ жарма тілектерін білдіріп, ой пікірлерін ортаға салды. Ауданымыздың Қүрметті азаматы, бірлестіктің белсенді мүшесі Нұржамал Төлеуова, аудандық мәслихаттың депутаты, бірлестіктің белсенді мүшесі Қарлығаш Жамиева форум қонақтарына, спикерлерге алғыс білдіріп, ұтымды ұсыныстарын ортаға салып, оймақтай ойларын алға тартты.

Ауданымыздағы мықты сән салондарының иелері, бірлестік мүшелері шеберлік сағаттарын көрсетіп, көпшілік көрерменнің көңілдеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Үш сағатқа жалғасқан форум өз жұмысын сәтті аяқтап, соңы іскер ханымдардың фотосессиясына ұласты.

Нұржамал МАЙУСОВА

«Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Полицейлер той кортежінде жол ережесін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге, оның ішінде "Телеграм" арнасына мониторинг жүргізу кезінде, Сарыағаш ауданындағы құқық бұзушылықты анықтады. Яғни жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, арнайы дыбыстық белгілері бар құрылғыны заңсыз орнатып, мемлекеттік нөмірсіз жүрген бірнеше белгісіз автокөліктер туралы бейнежазба назарға алынды.

Осы оқиға бойынша бірден тексеруге шыққан полицейлер, Түркістан облысы тұрғындарының бірі Шымкент қаласынан арнайы сигналдар (СМУ) және тіркелмеген нөмірлік белгілермен жабдықталған "Лексус 470" маркалы автокөлігін жалдағанын анықтады. Осылайша аталған той кортежіне қатысқан, жол ережесін бұзушы автокөліктерді анықтауға бағытталған жұмыстар жан-жақты жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында Сарыағаш АПБ ЖПҚ қызметкерлері бейнежазбадағы "Лексус 470", "БМВ" және "Лада-21144" маркалы автокөліктердің жүргізушілерінің жеке басын анықтап, жауапкершілікке тартты. Жоғарыда аталған барлық автокөлік құралдары айыптұрағына қойылды.

"Лексус 470" жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі "Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару" және ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 3-бөлігі "Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не арнайы түсті-графикалық белгілерді заңсыз жазу" бойынша әкімшілік хаттамалар түзілді. Жүргізушіге қатысты жиналған материалдар Сарыағаш аудандық әкімшілік сотына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Сондай-ақ, "БМВ" және "Лада" жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі "Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) жоқ көлік құралын басқару" бойынша әкімшілік шарасы көрілді. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және жалған мемлекеттік нөмірлермен автокөлік жүргізбеуге, ең бастысы мас күйінде рульге отырмауға кеңес береді. Есіңізде болсын: жол қателіктерді кешірмейді!

Полицейлер жыл басынан бері мас халде көлік басқарған 530 жүргізушіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері мас халде көлік басқарған 530 азаматты анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мәселен, Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тақпаған «Ауди-80» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің иесі 2021 жылы Келес аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабының 1-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Сонымен қатар полицей жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктеніп, жүргізушіге бірден сараптама тағайындалды. Нәтижесінде оның мас екені расталды. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Көлік айыптұраққа қойылып, ер адам қамауға алынды. Тәртіп сақшылары ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушілерге 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу мен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру шарасы қолданылады.

Сонымен қатар мас халде көлік құралын басқарып, адамдарға орта және ауыр дәрежеде зақым келтірген жағдайда немесе адам қайтыс болса, жүргізушілер зақымның ауыртпалығына қарай 4 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылатындығын еске салады. Өз кезегінде Түркістан облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков облысымыздың тұрғындары мен қала қонақтарына мас халде көлік басқармауды ескертеді. Сонымен қатар көлікті шаршаңқы күйде басқармауға, ұзақ уақыт жол жүрген жүргізушілердің ұйықтап кетпеуі үшін, демалып алуына кеңес береді. Сіздердің қателіктеріңіз, өзгелерге зардабын тигізуі мүмкін.

Түркістан облысында өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, түнгі уақытта көше бойында тұрған «Ваз-2106» маркалы көлігін белгісіз біреу рұқсатсыз айдап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынысыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті.

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде түркістандық полицейлер тәулік ішінде күдіктінің жеке-басын анықтады. Яғни жүйелі атқарылған жұмыс арқасында көлікті заңсыз айдаған ер адам ұсталды.

Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта көшеден, кілттенбеген көлікті байқап, айдап кеткен. Бүгінде автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне сақ болуды және көліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ мүмкіндігінше, автокөліктерді күзетілетін тұраққа қойып, күзет дабылымен жабдықтау қажет. Автокөлік ұрланған жағдайда, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Осы RSS каналға жазылу