Super User

Super User

САЙРАМДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР РЕЙД ЖҮРГІЗУДЕ

2022 жылдың 31 тамызына дейін "Мектепке жол" республикалық акциясы өткізілді. Осы акция аясында Сайрам ауданы полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы ұйымдасқан түрде аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларын және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсетті.

Сонымен қатар Сайрам ауданы полиция басқармасымен әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жоспарлануда.

САЙРАМ: ПОЛИЦЕЙЛЕР АДАЛДЫҚ САҒАТЫН ӨТТІ

ТүркістаноблысыСайрамауданынақарастыҚарабұлақауылындаорналасқан#101ЖОМ- те, ҚазақстанРеспубликсыныңСыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылагенттігініңТүркістаноблысыбойыншадепартаментінің 19.08.2022 жылғы17/1-3-3561 сандыхатынасәйкес, агенттікбастамасымен «1-қыркүйек - Білімкүні» мерекесінеорай, елаумағындағыбарлықбілімберуұйымдарындадәстүрлітүрдебірыңғай «Адалдықсағаты» өткізутапсырылғанеді.

Биылғыжылыаталғаншараныөткізууақыты 1-9-қыркүйекаралығынаөткізужәнетиістіақпаратберутапсырылғанболатын.

«Білімкүніне» байланыстыөтетіншарадаөскелеңжасұрпақтыңбойынаадалдық, парасаттылық, әділдікжәнесенімқұндылықтарынқалыптастырумаңыздылығыескереотырып, мектебімізде 8-9-10-11-сыныпоқушыларыарасында «Адалдықсағаты» ұйымдастырылыпөткізілді.

Өткізілгеніс-шарағалекторларретіндемектептіңқамқоршылықкеңесітөрағаорынбасарызейнеткерұстазМ.Қурбанбаева, А.ИсмаиловажәнеТІЖДОМ.Астанова, З.Абдукадиров, ҚББПШ.Абдурахманова, М.Адилбекова, М.Сайдазимов, ҰПГ.Сидиқова, ТәлімгерД.Ашурметоваларқатысты.

Олар 8-9-10-11-сыныпоқушыларынбілімкүніменқұттықтап, адалдықпарасаттылық, әділдікжәнесенімқұндылықтарытуралыүгіт-насихатжұмыстарынжүргізді.

 

МАҚТААРАЛДА «АБАЙЛАҢЫЗ - БАЛАЛАР!» ІС-ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін,«Абайлаңыз, балалар!»,«Сіздің жолаушыңыз - бала!» атты жедел профилактикалық шаралары өткізілуде.

Осынау атаулы білім күніне орай Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлері-барлық мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде оқушыларға: жолда абай болу, қылмысқа, құқық бұзушылық пен теріс әрекетке бармау жайлы түсіндірме дәрістерін өткізді.

Мақтаарал ауданы аумағында балалардың қауіпсіздігін бақылау барынша күшейтілді.

«Балалардың жол-көлік жарақаттарын ескерту ата-аналардың, полицейлер мен педагогтардың ортақ мәселесі» Жолдарда түрлі көліктер көптеп жүреді, жүк көлігінен электр самокаттарына дейін.

Айта кетсек «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы 12-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл күндері өңірдегі барлық мектептерде полицейлермен жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтар өткізіледі.

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен Мақтаарал АПБ басшылығы және жеке құрамы шын жүректен құттықтайды!

 

САЙРАМ: ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 тамызы мен 12 қыркүйегі аралығында Сайрам ауданы аумағында «Абайлаңыз балалар» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат – оқушыларға жол ережесін үйрету арқылы жол-көлік оқиғасының алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сайрам АПБ басшылығы мен ЖПҚБ ювеналды полиция тобының қызметкерлері «1 қыркүйек – Білім күніне» арналған салтанатты жиындарға қатысып, аймақтағы білім беру мекемелерінде кезекшілік ұйымдастырып, балалармен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаяу жүргіншілер өтпелерінде мектеп оқушыларының қауіпсіздік ережелерін сақтауын тәжірибе жүзінде көрсетіп, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына баса мән беріліп, олардың сақтық шараларын білуі үшін полицейлер барынша ықпал жасады.

ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, аудандық полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы таңертеңнен аудандағы мектептерге барып, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік бойынша сабақ өтіп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ТО ПД Жергілікті полиция қызметі басмармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Н.Тумабаев "Білім күнінде" аудан орталығындағы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына дәріс оқыды.

Қазіргі таңда Сайрам ауданында 78 жалпы орта мектеп бар және әр мектепке ЮПТ-ның инспекторы бекітілген.

Балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету — маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау, олардың жолда жүру ережелерін үнемі сақтауға дағдыландыру полиция қызметкерлерінің басты назарында.

Осы RSS каналға жазылу