Super User

Super User

Полицейлер ұялы телефон ұрлаған Қызылорда облысының тұрғынын анықтады

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз түсірді. Әйел адамның айтуынша, үйінің ішіндегі жатын бөлмесінде тұрған «Айфон 12» және «Айфон 13» маркалы ұялы телефондарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 700 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары қылмысты ашып, күдіктіні ұстау үшін оқиға орнына шықты. Олар көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар Қызылорда облысының тұрғыны анықталды.

Белгілі болғандай, сезікті жігіт Түлкібас ауданына туыстарының тойына келген. Содан күдікті тойдан шығып, жергілікті тұрғынның үйіне байқатпай кіріп, ұрлыққа түскен. Яғни оңай жолмен олжалы болуды көздеген қызылордалық тұрғын ұрлаған ұялы телефондарды қолды қылған. Осыдан соң бөтеннің мүлкін ломбардқа өткізген. Полицейлер айғақты зат ретінде ұялы телефондарды алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлердегі қақпаларды жауып, берік құлыптар орнатуға кеңес береді.

Полицейлер есірткі тасымалдап жүрген бұрын сотты болған ер адамды анықтады

Есірткі қылмысымен күресу мақсатында полиция қызметкерлері күнделікті жұмыстар атқарады. Мәселен Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» профилактикалық шарасын жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның есірткі сақтап жүргенін анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде оның қол сөмкесінен жасыл түсті полиэтилен пакетке салынған 2 дана сіріңке қорабын тапты.

Ішінде есірткіге ұқсас өсімдік жапырақтарын айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде ол «кептірілген марихуана» есірткісі болып шықты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.

Полицейлер күдіктінің бұған дейін де сотты болғанын анықтады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау мен заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Шымкент қаласынан тапты

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, 2 күн алдын түнгі уақытта 14 жасар қызы үйінен ешкімге ескертпестен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Жақындары өздіктерімен іздегенімен, еш нәтиже шықпаған.

Ақпарат алысымен полицейлер аталған жайтты тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция инспекторы полиция лейтенанты Диас Абылайұлы Асқар жасөспірім қыздың туыстарымен бірге іздеу жұмыстарын жүйелі жүргізді. Жасөспірімнің баруы, хабарласуы мүмкін дос-туыстарынан жауап алынды.

Қоғамдық көліктер, такси жүргізушілерінен сұрастырылды. Соның нәтижесінде 14 жасар қыздың түнгі уақытта таксимен Шымкент қаласына кеткені белгілі болды. Яғни полицейлер бірнеше сағат ішінде жоғалған қыздың жүрген жерін анықтады. Ол Шымкент қаласындағы автобекетте жалғыз өзі жүрген жерінен табылды.

Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай, жасөспірім қыз ата-анасынан қыдырып келуге рұқсат сұраған. Алайда ата-анасы қызын жібермеген. Сол себепті қыз үйінен кетіп қалған. Қазіргі таңда 14 жасар қыз отбасымен қауышып, аман-есен үйіне жеткізілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Полиция қызметкерлері барша ата-аналарға өтпелі кезеңде жүрген ұл-қызымен досы ретінде сөйлесіп, араласатын ортасын қадағалауды ескертеді. Сонымен қатар жақындарыңыз жоғалған сәтте өздеріңіз іздеп, уақыт жоғалтпай бірден 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Отбасында ойран салатындарға жазаны күшейтетін кез келді»

«Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет».

Осы RSS каналға жазылу