Шымкентте «Харекет» қайрымдылық қоры үшінші баспананы табыстады

Үй 11 баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты анаға берілді. Мұқтаж жандар 20 жылдар бері қалада әркімнің босағасын паналап келген. Күтпеген жерден мол қуанышқа кенелген Асанбаевтар отбасы жомарт жандарға шексіз алғыс айтуда.

Шымкент қаласы әкімдігі аналардың үзілген үмітін жалғамақ

Әлеуметтік тұрғыдан қиын жағдайға тап болған және тұрақты табысы жоқ, балалары қолына қараған аналарға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов лайықты қолдау көрсетуді ұсынды.Яғни олардың белгілі бір кәсіби мамандықтар бойынша білімін жетілдіруіне және өз ісін ашу үшін жеңілдікпен несие алуына жәрдем көрсетілмек. 

«Біздің жұмысымызды бағалаңыз» акциясы аясында Шымкент әкімдігіне 10 мыңға жуық шағым түскен

Таяуда Шымкентте «Біздің жұмысымызды бағалаңыз» акциясы ұйымдастырылғаны белгілі. Акцияның мақсаты әрбір сала жұмысындағы ең өзекті мәселелерді анықтау болатын. Сауалнаманың қорытындысы бойынша, жол картасы, яғни, азаматтардың өтініштері бойынша түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған әкімдік әрекетінің жоспары дайындалмақ.

Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін үйлер салынбақ

Шымкент қаласында 2500 пәтерден тұратын 40 үй салынады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Шымкентте газ беру уақытша тоқтатылды

Өндірістік қажеттілікке байланысты Уәлиханов көшесіндегі ПГБ-123-тен тартылған газ құбырларына саңылаусыздықты сынаудан өткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыстар барысында Ш.Уәлиханов, Владивосток, Ақсу, Ұлықбек, Курчатов, Ухтимский, Қарасу, Шаляпин, Канал, Сайрам, Уфимцев, Аймауытов, Елшібек батыр, Манкент, Молодая Гвардия, Шолохов, Перов, Мәделі қожа, М.Мәметова, Әлімбетов, Алтынсарин, Школьный, Декабристер, Сапарбаев, Макаров, Орынбай ақын, Саратов, Тәжібаев көшелерінде 2018 жылдың 6-8 тамызы аралығында табиғи газдың берілуі уақытша тоқтатылды.

Түркістан облысында биыл 1000 шақырымға жуық жол жөнделіп, пайдалануға беріледі

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118,0 шақырымды құрайды. 2018 жылы жолдардың құрылыс жұмыстарына бюджеттен 26 332,5 млн. теңге қаралып, 437 нысан немесе 1 421,4 шақырым жолдар мен көшелер, 10 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Биыл оның 417 нысаны немесе 994,7 шақырым пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

Жетісай ауданында ағын су тапшылығының алдын алу шаралары күшейтілуде

 

Соңғы бір аптада Жетісай ауданында ағын су тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі таңда көршілес Өзбекстан Республикасынан «Достық» каналына секундына небәрі 51,45 текше метр су жіберілуде. Бұдан бөлек, «МАШ» каналға Сырдария өзенінен машиналық насостық станция көмегімен секундына 27,50 текше метр ағын су тартылуда. Бұл көлем мақташылардың ағын суға деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Осы түйткілдің түйінін тарқату мақсатында Жетісай ауданының әкімдігі Қарағанды облысынан арнайы канал тазалағыш «Драглайн» жылжымалы техникасын алдыртып, «МАШ» канал ұлтанын тазарту жұмыстарын бастап жіберді.