Жұма, 09 Қазан 2020 16:25

Қоғамдық кеңесте басқарма басшылары сынның астында қалды

 

Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.  Жиынға Қоғамдық Кеңес төрағасы Нұрғазы Бұхарбай, мекеме, басқарма басшылары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінңі баспасөз қызмет мәлім етті.

 Нұрғазы Бұхарбаев жетекшілік еткен жиынның күн тәртібінде  мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға барынша көңіл бөлу, қоларбаның жетіспеушілігі, биыл берілген пәтерлер, қаладағы өнеркәсіпті дамыту, орта және шағын бизнесті дамыту және тағы басқа мәселелер талқыға түсті.

Алқалы жиында 4 басқарма басшылары соңғы 9 айдың есебін берді. Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері өздерін толғандырған мәселерді көтеріп, сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алды. Бірақ бірнешеуінің есебі бекітілген жоқ. Қоғам мүшелері басқарма басшыларын сұрақтың астына алып, әр салаға қатысты сын-ескертпелерін айтты.

 

«Сапаны жоғарылату үшін жұмыстарыңызды құжатпен де, істеріңізбен де дәлелдеңіздер»,- деді Қоғамдық Кеңес төрағасы Нұрғазы Бұхарбай. Қабылданбаған есептерді алдағы уақытта басқарма басшылары қайта тапсыратын болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 93 рет