Дүйсенбі, 23 Тамыз 2021 17:58

Төлеби ауданы: Ұлтаралық ынтымақ пен татулықты нығайту жұмыстары талқыланды

Төлеби аудан әкімдігінің мәжілісі өтіп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Басқосуды аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы жүргізіп, жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңесі және Қоғамдық кеңес төрағасы, дербес бөлім және мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Аудандағы ұлтаралық ынтымақ пен татулықты нығайту жұмыстарының барысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев хабарлады. Бүгінде Төлеби ауданында 120 598 халық болса, оның 83 804 қазақтар, қалған – 36 794-ы түрлі ұлт өкілдерін құрайды(яғни, жалпы халық санының 31 % құрап отыр). 2020 жылдың 5 қазанында аудан әкімінің №235 өкімімен «Қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, этносаралық қақтығыстардың алдын алу мақсатында арнайы жұмысшы тобы» және 2020 жылдың 5 қазанында №236 өкімімен «Аудан аумағындағы этносаралық татулықты нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру тобынының» құрамы бектілген. Ағымдағы жылдың ақпан айында аудан прокуроры, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және аудандық полиция бөлім басшыларының келісімдерімен аудан әкімінің бекітуімен арнайы тақырыптарда іс-жоспарлар түзіліп, сол бойынша жұмыстар атқарылуда.

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң тапсырмасына сәйкес, аудандық мәдениет үйінен «Достық» бөлмесі ашылды. Мұндағы мақсат аудандық ЭМБ жұмыс сапасын арттыру және тығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқару мақсатында ашылды. Онда аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Бекмурзаев басқаруда.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе ауданның 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындығы жөнінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы С. Қалдыбаев баяндады.

Бүгінгі күні аудан бойынша 98 көп қабатты тұрғын үй болса, оның 12-сі орталықтандырылған қазандықпен жылытылады. Қалған көп қабатты үйлер автономды жылыту жүйесіне қосылған. Аудан бюджетінен бөлінген 34,7 млн теңгеге Ленгір қаласы І-мөлтек аудандағы орталықтандырылған жылу жүйесінің қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде «D-Grand Atlantic» ЖШС қазандықтар мен кәріз жүйлерін тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, аудан бойынша бюджеттік мекемелер саны 205 болса, оларға қажетті қатты отын толығымен, яғни 4944 тонна жеткізілді. Жылыту маусымы 15 қазан болып белгіленген.

Жиын барысында көтерілген мәселелер бойынша қаулының жобасы ұсынылып, оған өзгерістер енгізіле отырып, қабылданды.

Аудан басшысы Төлеген Телғараев басқосуды қорытындылап, атқарылған жұмыстарға баға беріп, кейбір жәйттарды пысықтау қажеттігін ескертіп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 3400 рет