Сейсенбі, 24 Тамыз 2021 13:58

Парламент Мәжілісінің депутаттары Кентау қаласында

Кентау қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары, фракция мүшелері Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ержан Құдайберген Төлепұлы және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бейсембаев Елнұр Сабыржанұлы қалаға арнайы ат басын бұрып, "Кентау трансформатор зауыты" акционерлік қоғамында және «Электродеталь» ЖШС-де болып, зауытта жаңадан іске қосылған технологиялармен танысып, өз сайлаушылары, яғни зауыт жұмысшыларымен кездесті.

"Nur Otan" партиясының «Өзгерістер жолы; Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы да сөз қозғалды. Кездесуге "Nur Otan" партияcы Түркістан облыстық маслихатының депутаты, "Кентау трансформатор зауыты" АҚ - ың Басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев, қала әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қанат Бекметов қатысты.

Сонымен қатар іс-сапар барысында Кентау қаласы, Қарнақ ауылында орналасқан "Давран ата" шаруа қожалығында болып, шаруа қожалық жұмысымен танысып, жұмысшыларымен кездесіп ұсыныстарын тыңдады.

 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат 

 

Оқылды 1085 рет