Сейсенбі, 23 Қараша 2021 06:41

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, жергілікті қамтуды дамыту, тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері қаралды.

2021 жылдың 9 айында жергілікті қамтудың өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4 %-ды құраған. Яғни, 51,9 %-дан 58,3 %-ға артып отыр. Қарапайым заттар экономикасының 7 саласы бойынша (машина жасау, фармацевтика, жеңіл, жиһаз, химия және тамақ өнеркәсіптері) жергілікті қамтудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын іске асыруда, жергілікті қамтудың үлесін қадағалау бойынша барлық өңірде тиісті комиссиялар құрылған. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бұл орайда Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі әкімдіктерге жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтуді, олардың қызметіне өңірлік бизнес өкілдерін барынша тартуды тапсырды. 

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 380 рет