Сәрсенбі, 21 Қыркүйек 2022 11:11

Түркістан: "Қайталанбас дара тұлға" атты танымдық сағат

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 9 кітахана - филиалы мен Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебімен бірлесе отырып қоғам және мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай "Қайталанбас дара тұлға" атты тақырыпта оқушылар арасында танымдық сағат болып өтті.

Іс-шараның мақсаты Асанбай Асқаровтың өмірі мен қоғамға жасаған еңбектері мен әдеби шығармаларымен кеңінен таныстыру, оқушыларды Отанын сүюге, елжандылыққа, ерлікке, батылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Іс- шара барысында Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебінің кітапханашысы Бейсбекова Анар оқушыларға Асанбай Асқаров туралы өмірі мен шығармаларынан, еңбектерінен қысқаша мағұлмат беріп өтсе, оқушылар Байкенжиева Назгүл, Сапарбекова Динара, Әбдіқадыров Азамат, Кенжебай Ерзат, Нұрман Талшын қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың жырларынан мәнерлеп оқып берді.

Іс - шара соңында оқушылар "Тұраннан шыққан тау тұлға" атты кітап көрмесімен танысты.

Айта кетейік, Асанбай Асқаров (1922–2001) - 15 қыркүйекте Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Меркі ауылында туған. Еңбек жолын 1939 жылы мектепте білім беру жүйесінде бастады. 1942 жылдан 1946 жылға дейін әскери қызметте болды. 

1946–1951 жж. Меркі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, облыстық комсомол комитетінің хатшысы, содан кейін Қазақстан ЛКЖО Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. 

1954–1958 жж. Қазақстан Компартиясы Красногор, Меркі аудандық комитеттерінің бірінші хатшысы, халық депутаттары Жамбыл облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 

1959–1985 жж. Қазақстан Компартиясы Жамбыл, Алматы және Шымкент облыстық комитеттерінің бірінші хатшысы болды. 

«Тағдыр», «Судьба», «Жұмақ пен тозақ жырлары» атты өлең кітаптарымен бірге «Ұлы Тұранның ұлдары», «Мен еліммен біргемін», «Өлмейтұғын артымда сөзім қалса» атты өсиеттер жинағы жарық көрген.

 

Социалистік Еңбек Ерінің Алтын Жұлдызымен, Ленин, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Оқылды 423 рет