Жұма, 13 Қараша 2020 05:55

Түркістан: Сайрам ауданында айына 2 млн. дана бетперде өндіретін цех іске қосылды

  Түркістан облысы Сайрам ауданында айына 2 млн. дана бетперде өндіретін цех іске қосылды.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 Медициналық бетперде өндіру жобасын «S MEDICAL» ЖШС іске асыруда. Өндіріске қажетті  станоктар Қытай елінен сатып алынған. Серіктестік директоры Мәжит Мәуленовтың айтуынша,  цех айына 2 млн дана бетперде  өндіруге қауқарлы.
   Жоба құны 80,4 млн. теңгені құрайды. 30 адамға жаңа жұмыс орны құрылып, қазіргі таңда тәулігіне 80 мың дана бетперде әзірленуде.
    «Бұл үлкен жоба аясында бір реттік медициналық-хирургиялық жабдықтарды өндіру жоспарланған. Алайда, кешегі коронавирус пандемиясының бірінші толқында қарапайым масканы табудың өзі қиынға соқты. Сондықтан ең әуелі маска шығаруды қолға алдық», – дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырған 3430 жағдай тіркелген. 3362 науқас сауығып кетті. Соңғы бір тәулікте індеттің симптомсыз түрімен 2 науқас тіркелді. Инфекциялық стационарларда қазір 44 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 1 науқас коронавирус инфекциясына, қалғандары вирусты пневмонияға шалдыққандар.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 542 рет