Жұма, 19 Ақпан 2021 19:30

Түркістан: Ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ды құрады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдында берген жылдық есебінде әлемді шарлаған қауіпті індетпен күрес  жұмыстарына тоқталды.

Облыстағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы бірнеше бағыттар бойынша жасақталған. Пандемия басталғалы өкпені жасанды желдету аппараттарының саны артып, қосымша төрт оттегі станциясы орнатылған. Оттегі концентраторлары мен оттегі нүктелерінің артты Облыстық бюджет есебінен компьютерлік томограф пен үш дана сандық рентген аппараттары орнатылды. Өңірде дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры құрылған.

Үкімет тарапынан 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы алынып, ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ды құрады. Жедел-жәрдем қызметі 122 автокөлікпен қамтамасыз етіліп, бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін толық жаңартуға мүмкіндік берді. Түркістан облысы COVID-19 көрсеткіші бойынша елімізде 17-ші орында, яғни «жасыл аймақта» орналасқан.

«Былтырдан бастап өңірде денсаулық сақтау саласында 78,5 млрд. теңгенің 7 нысаны салынуда.  Түркістан қаласында жаңа үлгідегі 200 орындық жаңа үлгідегі көпсалалы медициналық орталық пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторларымен Түркістан қаласында 100 төсек орынға арналған «Ана мен бала орталығының» құрылысын іске асыру бойынша келіссөздер жүргізіліп, оң нәтижесін тапты. Жоба келер жылы пайдалануға беріледі»,-деді облыс әкімі.

 Өткен жылы денсаулық сақтау саласына 13,7 млрд. теңге бағытталды. Бірінші кезекте ана мен бала, жансақтау, ота жасау және жедел жәрдем қызметін күшейтуге мақсат қойылды. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында 2,5 млрд. теңгеге  205 дана медициналық техника сатып алынды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 9 фельдшерлік амбулаторияның құрылыстары жүргізіліп, оның 5-і  пайдалануға берілсе, 4-і биыл ашылады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 



 

Оқылды 316 рет