Сейсенбі, 24 Тамыз 2021 18:50

Түркістан қаласына 8800 доза "SINOVAC" вакцнасы жеткізілген

Covid-19 инфекциясымен күрес облыс орталығында қарқынды жүзеге асырылуда.

Күнделікті мобилдік топтың рейдтік тексеру жүргізу барысында 2021жылдың тамыз айының нәтижесі бойынша жалпы араланған нысандар - 17 649 құраған.

Толтырылған хаттама - 760. Оның ішінде жеке тұлғаға - 738, жеке кәсіпкерге - 18, лауазымды тұлғаға-1, заңды тұлға - 3 толтырылған.

Мобильді топ жұмысын бастағалы салынған айыппұл саны - 41 348 475 теңгеге жеткен.

Ал, індетпен күрестегі вакцинациялау нәтижесіне сәйкес, I-ші компонент вакцинация ектіргендер – 63077 адам болса, II-ші компонентті – 37901 азамат салдырған.

Қазірде Hayat Vax, Sputnik V вакциналарынан бөлек, Қытайда өндірілген, әлемнің 39 мемлекетінде қолданылып жатқан - Sinovac вакцинасының 8800 дозасы жеткізіліп, егілуде.

Тамыз айында COVID-19 диагнозымен тіркелген науқастар саны– 839, пневмония диагнозымен тіркелген науқастар саны- 224 адам.

Жыл басынан бергі ПЦР тест тапсырған тұрғындар саны 49 123 адамды құраған.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 1401 рет