Жексенбі, 21 Қараша 2021 16:00

Түркістан: 1 019 283 адам вакциналанды

Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр.

Түркістан облысында 1019283 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 958666 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 2993 адам екпе салдыруға ниет білдірген.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 8 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,05% құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 128 727 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 593-і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 577 жағдай тіркелді. Олардың 7710-да ауру симптомсыз өткен болатын.

Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 492 рет