Шымкент қаласы әкімдігі Қошқарата өзенінің екінші тынысын ашты
Шымкентте Қошқарата өзенін білмейтін жан жоқ. Екі ай бұрын ғана өзен жағалауының келбеті тіпті өзгеше еді. Ал бүгінде ажарына ажар қосылып, абаттандыру жұмыстары ерекше қарқын алуда.
Шымкентте Қошқарата өзенін білмейтін жан жоқ. Екі ай бұрын ғана өзен жағалауының келбеті тіпті өзгеше еді. Ал бүгінде ажарына ажар қосылып, абаттандыру жұмыстары ерекше қарқын алуда.
Шымкент қаласында жасыл желек аумағы жыл сайын ұлғаю үстінде. Егілген қоғамдық баудың көлемі бүгінде 100 гектардан асты. Биыл ағаштар алғашқы жемісін беріп үлгерді. Аптап ыстыққа қарамастан мыңдаған гектар алқапқа егілген дарақтар суарылып, күтіп-бапталып жатыр.
Өткен демалыс күндеріШымкент қаласы әкімдігінің қызметкерлері өз араларында кімнің ең епті әрі батыл екендігін анықтады.
Шымкенттегі 40 жыл бойы жұмыс істеген қоқыс алаңының түтіні төңіректегі тұрғындарды әбден тұншықтырып, әбігерге салғаны әлі естен шыға қойған жоқ. Мәселенің өзектілігі ескеріліп, 2015 жылы қоқыс алаңы жабылған-ды. Іле-шала қоқыстың орнын көміп, қайта өңдеу жұмыстары басталды.
28 мың гектардан астам егістіктің 9 мыңына күздік бидай егіліпті. Былтыр оның түсімі мол болып, шаруалар кемі 11 центнерден өнім жинаған-ды. Ал биыл ше?
Шымкент қаласының тұрғындары 1 шілдеден бастап 1355 нөміріне қоңырау шала алады. Бұл – құтқару қызметі. Сала мамандары кез келген уақытта қол ұшын созуға сақадай сай.
Биылғы оқу жылында Шымкент қаласы бойынша жаңадан 5 мектептің тұсауы кесілмек. Әзірге шаһарда 10 білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек екі мектептің құрылысын бастау үшін тиісті құжаттары әзірленуде. Ал қыркүйек айында пайдалануға берілетін мектептердің құрылысы бүгінде қызу жүріп жатыр.
Жаңа мектептің бірі «Шаңырақ» шағынауданынан бой көтеруде. Аты меңзеп тұрғандай, мұнда негізінен қазақ топырағын аңсап, сырттан қоныс аударған қандастарымыз тұрады. Олардың ұл-қыздары бірнеше жылдан бері өзге білім ошақтарына қатынап оқитын. Енді биылғы қыркүйек айынан бастап 600 орындық мектеп бұйырмақ. Мердігерлер бүгінде «Нысан құрылысының 85 пайызын аяқтадық» деп сендіріп отыр. Әйткенмен қаражат мәселесінде қолбайлау болып тұрған жайттардың барын да жасырмады.
Ал құрылысы 2017 жылдың қазан айында басталған тағы бір білім ошағына 1 миллиардқа жуық теңге қаралыпты. 3 гектар аумақта еңсе тіктеп жатқан мектеп, сала мамандарының айтуынша, 2019 жылға өтпелі екен. Бір қуанарлығы, бұл нысанда мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Жеделсаты мен арнайы әжетхана бөлек салынуда.
Құрылыс жұмыстары келер жылға өтпелі саналатын тағы бір мектеп Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. 1200 орындық білім ошағының құны 1 миллиард 600 миллион теңгеге бағаланған. Биыл 1 миллиард 300 миллион теңге игеріледі деп жоспарланған. Жалпы, қалалық білім бөлімінің «Осы қарқыннан таймасақ, 2019 жылы Шымкент қаласында үш ауысымда білім беру мәселесі түбегейлі шешіледі» деген болжамы бар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
Түнеугүні Шымкенттегі Бадам су қоймасында байдарка мен каноэде ескек есуден қалалық ашық турнир өтті. Шараның ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмұхамедәлі Бердашов пен Азия рекордсмені, Афины олимпиадасының қатысушысы Анастасия Прилепа қатысып, жастарға сәттілік тіледі.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін керемет жаңалық! Шымшаһардың орталығынан «Fontan» атты аквапарк ашылып, пайдалануға беріліп отыр. Салтанатты жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала қонақтары мен тұрғындарын құттықтады.
Шымкент қаласында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында №17 «Достық» және №37 «Әйгерім» атты екі бірдей бөбекжай-балабақшасы ашылып, пайдалануға берілді.