Шымкент: Ауаны ластаған кәсіпорын жұмысы тоқтатылады

Шымкентте 4 кәсіпорынның жұмысы сотпен тоқтатылып, 4 кәсіпорынның жұмысы сотта қаралуда. Бұл жөнінде 2024 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша Департаменттің атқарған жұмыстарына тоқталған Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев баяндады.

Шымкенттік студент Халықаралық чемпионаттан жеңіспен оралды

Шымкент қаласының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің шәкірті Әйгерім Досова Франциядан жеңіспен оралды. Францияның Лион қаласында өткен WorldSkills халықаралық чемпионатында жерлесіміз жүлделі орынға ие болған еді. Бүгін жеңімпаз студентті Шымкент теміржол вокзалынан жерлестері зор қошеметпен күтіп алды.

Шымкент қаласының әкімі: «Кез-келген жерді қазып, халыққа қолайсыздық туғызуға жол бермеу керек»

Шымкент қаласы әкімінің аппараттық мәжілісінде апатты нысандардың мәселелері мен «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы және су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шаралар талқыланды.

“Аэс - жасыл экологияға жол”

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен “АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы” атты жиын өтті.

 Жиынның мақсаты атом энергиясын дамытудың жан-жақты тетіктерін, пайдасын, болашағын жастарға жете түсіндіру болды. Лекцияға түрлі салада білім алып жатқан жастармен қатар университет ғалымдары, сарапшылық топ мүшелері қатысты.

Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Сайпжамал Қорғанова “АЭС - жасыл экологияға жол” тақырыбында баяндама жасап, АЭС салудың еліміз үшін маңызын жеткізді. Сондай-ақ профессор Халима Сартаева бейбіт атомның артықшылықтарына тоқталды. Жастар да ашық әңгімеге араласып, сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңында қатысушылар АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысуға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Халықтық штаб мүшелері зауыт жұмысшыларымен кездесті

Қызылордада облысында өңірлік халықтық штаб өкілдері Қазалы локомотив жөндеу зауытының жұмысшылары және Талсуат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Халықтық штаб өкілдері Талсуат ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Бұған дейін, штаб мүшелері Қызылорда қаласына қарасты Белкөл, Тасбөгет кенттері мен Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарына атом энергиясының маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берген еді.

Бүгінгі кездесу барысында жасыл энергия көзінің артықшылықтары кеңінен жеткізіп, ауыл тұрғындарын мазалаған сауалдарына нақты жауаптар берді.

«Жалпы бу-газ электрстансалары электр энергиясын өндіру үшін табиғи газды пайдаланады. Қазақстанда табиғи газ негізінен мұнаймен бірге өндіріледі, сондықтан газ өндіру көлемі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Табиғи газ тасымалы Қазақстан энергетикасы үшін тұрақсыз сипатқа ие және елімізде табиғи газ өндіру көлемі жыл сайын 3%-ға қысқаруы байқалып отыр дейді сала мамандары. Бір жағынан газ биржалық тауар болғандықтан, оның бағасы үнемі өзгеріп отырады, бұл тарифтерге қатысты қиындық туғызады. Ал, электр энергетикасына ұзақ мерзімді және тұрақты отын көлемі мен бағаның тұрақтылығы қажет. Оның үстіне еліміз уран өндіруден және оның қоры жағынан алдыңғы қатарға жайғасқан. Сәйкесінше, атом энергиясын өндіруге ешқандай кедергі болмайды»,- деді табиғи газдан энергия өндіруге мәселесені қатысты тұрғындардың сауалдарына жауап берген штаб мүшесі Ержан Искендер.

Ауыл тұрғындары да энергияның қаншалықты қажет екенін жақсы сезінеді. Ауылшарушылығы өндірісін дамытуда қуат көзінің маңызы зор. Яғни  сенімді электр энергия болмаса, өндірсті жүйелі жүзеге асыруда екі талай.

Өз кезінде сөз алған штаб мүшесі Мейрамбек Есжанов атом энергетикасы ауылшаруашылығы саласына да зор септігін тигізетінін тілге тиек етіп, барлық салада дамудың жаңа мүмкіндігі екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының Қазалы ауданында Халықтық штабтың төрағасы Ғазиз Әліш және штаб мүшелері: Арғын Орымбаев, Нұрлан Алмағамбетов пен Нұркен Ботабаев Қазалы локомотив жөндеу зауытының жұмысшыларымен кездесті. Аудандағы ірі өндіріс орны саналатын зауыт жұмысшыларымен АЭС-тің болашағы мен оның тиімділігі талқыланды.

«Элeктр энeргeтикaсы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa. Қaзіpдің өзіндe біздің eліміздe элeктp энeргиясының тaпшылығы бaйқaлaды. Энeргия көздeрінің жeтіспeуі aлдaғы уaқыттa ірі өндірістік oрындap үшін дe үлкeн мәсeлeге aйнaлуы мүмкін. Өйткeні, бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болары сөзсіз», - деді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.

Ал штаб мүшесі Арғын Орымбаевтың айтуынша, елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық объективті алғышарттар орын алған. Атап, айтқанда уранның бай қоры, оны өңдеу мен өдіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.

Жиын соңында штаб мүшесі, Қазалы локомотив жөндеу зауытының директоры Нұрлан Алмағамбетов еліміздегі АЭС қажеттілігі бойынша маңызды ақпарат алғанын айтып, ұжым болып қолдайтындығын білдірді.

Шымкент: Ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов және пленум мүшелері, бірқатар бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шымкент: «Amanat»-тықтар АЭС салуды қолдау жөнінде үгіт-насихат жүргізуде

Шымкент қалалық «Amanat» партиясының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері «Мадина» макарон фабрикасының қызметкерлерімен кездесті. Жұмысшы топтың қатарында қалалық мәслихат депутаттары, бірнеше саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Шымкентте госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды

Шымкент қаласында алғаш рет №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды. Бөлімшенің ашылу салтанатына Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков пен аурухана дәрігерлері қатысты.

Олжас Бектенов Шымкенттегі ауыл шаруашылығындағы өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларының жұмысын көрді

Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Премьер-Министрі ауыл шаруашылығындағы өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларының өкілдерімен кездесті. Президент Жолдауындағы өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу және экономика өсімінің жаңа нүктелерін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру барысы мен шаралары талқыланды.

Шымкентте ЖРВИ, тұмау және COVID-19 эпидемиясына қарсы жаңа шаралар күшейтілді

Шымкент қаласында ЖРВИ, тұмау және COVID-19 ауруларының таралуын бақылау мақсатында жаңа шаралар қолға алынды. Қалада ұйымдасқан ұжымдарда эпидемиологиялық қауіпсіздік күшейтілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу: вакцинация және дәрігерлердің ұсыныстары» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды.