Түркістан: «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын білім мекемелерінде іске асыру жолдары талқыланды

Биылғы жаңа оқу жылында барлық білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде жүзеге асатын болады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұны жаңартылды.

Шымкентте құрылыс сапасы бақылауда: орын алған заңсыздықтар үшін айыппұл салынды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды. 

Түркістандық оқушылар «Мектеп лигасында» жеңімпаздар қатарынан көріне білді

Жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан «Мектеп лигасы» аясындағы футбол жарысында Түркістан қаласындағы Р.Исетов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары биіктен көрініп, жеңімпаздар қатарынан түспей келеді.

Түркістан қаласындағы білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді

Түркістан қаласының білім мекемелерінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бөлімге қарасты 34 мектептің ішінде 4 мектепке күрделі жөндеу, 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болса, 23 мектепте ағымдағы әрлеу жұмыстары атқарылды.

Түркістан қаласының білім мекемелері «Таза Қазақстан» экоакциясына белсене атсалысуда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде бұл шараға Түркістан қаласының білім бөлімі де өңір жұртшылығымен бірлесе атсалысып жатыр.

Шымкент: Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетілді

Шымкентте Жастар ресурстық орталығының ұйыдастыруымен “Мүмкіндіктер алаңы” атты жас кәсіпкерлерді қолдайтын кезекті жәрмеңке өтті. Кезекті дейтініміз, ұйымдастырушылар бұл шараны алдағы уақытта тұрақты түрде ай сайын өткізіп тұруды қолға алып жатыр екен. Игі істің басты мақсаты – жас кәсіпкерлерге өз өнімдері мен қызметтерін кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік беру, олардың бизнестерін дамытуға қолдау көрсету. Сонымен қатар, тәжірибе, тың идеяларымен алмасып, өздерінің бизнес жобасын дамыту үшін мүмкіндіктер таба алатын бірегей алаң.

Шымкент: Ж.Шанин театрында жаңа маусым ашылды

«Театр — ең бекзат өнер» деген ұлылар сөзінің дәлеліндей саф алтындай мәдениет мекенінің тіршілігі заманмен бірге дамып келеді. Соның ішінде 95 жылдық тарихы бар Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының орны ерек. 96 жаңа маусымның шымылдығын Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» пластикалық қойылымымен ашқан театр ұжымы көрермендерін тағы да тәнті етті.

Шымкент: «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» халықаралық ғылыми-көпшілік конференциясы өтті

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтетін жазушы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өтетін «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-көпшілік конференциясы өтті.

АЭС МӘСЕЛЕСІ - ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Экономика көтеріледі, себебі, энергия болады. Зауыттар салынады, өнеркәсіп көбейеді. Энергияның бағасы азаяды. Жұмыссыздық азаяды, мамандар тартылады.Осының бәрі АЭС салынғанда болады екен. Бұның бәрі АЭС төңірегінде айтылып жатқан мәселе.

Сондықтан АЭС салу дұрыс шығар деп ойлаймын. 

Негізі осы тақырып көтерілгелі төмендегідей ақпаратқа қанық болдым:

 АЭС үлкен көлемде электр энергиясын өндіре алады, әсіресе халық саны көп аймақтар үшін маңызды. Сондай-ақ, атом электр станциялары парниктік газдарды аз шығарады, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Тұрақты түрде энергия өндіре алады, бұл жел немесе күн энергиясымен салыстырғанда маңызды артықшылық.

Жалпы, АЭС салынса энергетикалық тәуелсіздік, экономикалық тиімділік, технологиялық даму болады екен.

Менің айтарым, АЭС құрылысына қатысты шешім қабылдау барысында экологиялық, экономикалық және қауіпсіздік аспектілерін мұқият қарастырып, халықтың пікірін ескеру қажет. Бұл ұзақ мерзімді пайда мен ықтимал тәуекелдерді теңестіру үшін маңызды деп ойлаймын.  Ал референдум осы тұрғыдан алған бұл мәселеге нүкте қоятын болады.