Әділетті Қазақстанды құру - әрқайсымызға байланысты
АЭС салу мәселесі жалпыұлттық референдумде шешіледі
– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында өнеркәсіпті күшейту, ауылшаруашылығы, әлеуметтік саланы қолдау, кадрлық әлеуетті арттыру, тағы басқа салаларды дамыту және ондағы бірқатар мәселелерді атап өтті. Президент соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалғанын, еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгергенін мәлімдеді. Қазір халықтың құқықтық мәдениеті артып, санасы өзгеруде. Әділетті Қазақстанды құру жолында көптеген жұмыстар атқарылды. Нағыз өз ісінің мамандарына лайықты құрмет көрсету, ұрпақ тәрбиелеу сынды құндылықтар алға шығып отыр. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алмақ.
Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам болып отыр. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясы қалыптасады. Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін нықтап айтты.
Қазір нарықтың, бәсекенің заманы. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз даму жолына түспек. Бүгінде ел азаматтарының санасы өзгеруде. Елімізде көктемнен бері жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы тұрғындардың экологиялық дүниетанымын арттыруға серпіліс берді. Президент осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс екенін айтты. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасатыны анық.
Мемлекет басшысы қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп бара жатқанын, елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет екенін, сондықтан атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек екенін айтты.
Еліміздегі аса маңызды шешімдер халықтың пікірін ескеріп барып қабылданатыны мәлім. Соның бірі - АЭС салу мәселесі. Экономикада өнеркәсіптер қазірдің өзінде энергия тапшылығын сезініп отыр. Алдағы уақытта бұл тапшылық қатты сезіле бастайды. Сондықтан, біз бұл мәселенің алдын алып, заманауи, қауіпсіз, бейбіт атом электр энергиясын пайдалануымыз қажет.
Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетінін нақтыланды. Ендігі ретте ел азаматтары белсенділік танытып, маңызды оқиғадан шет қалмауы тиіс.
Биылғы Жолдауда көп сала қамтылып, жоспарымыз айқындалды. Еліміз талай қиындықты еңсерген. Қазіргі алмағайып шақта бізге ең керегі - елдің бірлігі мен ынтымағы. Баршамыз осы құндылықтарымызды сақтай алсақ, алынбайтын қамал жоқ.
Шымкент қаласы мәслихатының,
AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы
Бахадыр Нарымбетов
Шымкенттіктер Семей полигонының жабылған күнін атап өтті
Бүгін Шымкент қаласында Семей полигонының жабылғанына 33 жыл толуына орай “Жеңіс” саябағында ауқымды іс-шара өтті. Аталмыш шараның мақсаты - қатысушылардың Семей полигоны туралы білімін тереңдете отырып, Ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы туралы айту және олардың ой-өрісін кеңейту. Семей ядролық сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабынан жазықсыз жапа шеккендер жайында, полигон сұмдығы жайында түсіндірме беру.
Шымкенттіктер Конституция күнін атап өтті
Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шымкент: «Ашық есік» күнінде мұқтаж жандарға көмек көрсетілді
Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен мұқтаж азаматтарға тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастыруға медиатор-заңгерлер, медиатор-психологтар, Полиция департаментінің қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары белсенді атсалысты.
«Ашық есік» күні әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға қолдау көрсетіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында азаматтарға заң тұрғысында және психологиялық көмек көрсету, медиация қызметін ұсыну және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылау мүмкіндігі берілді.
Келушілер отбасы құқығы, еңбек даулары, азаматтық және қылмыстық құқық салалары бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, медиатор-психологтар психологиялық қиындықтарға тап болған адамдарға психологиялық кеңес беріп, олардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға көмектесті. Құқықтық және жеке дауларды сотқа жеткізбей, өзара келісім арқылы шешу мақсатында да медиаторлар азаматтарға тегін медиациялық қызметтер ұсынды.
Полиция департаментінің өкілдері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелерін түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кеңес берді.
Бұл іс-шара әлеуметтік осал топтарды қолдау және қоғамдағы құқықтық, психологиялық және қауіпсіздік мәселелерін шешу бағытында маңызды қадам болды. «Ашық есік» күні мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсетіп, олардың құқықтарын қорғауда үлкен рөл атқарды.
Ұйымдастырушылар бұл бастаманы тұрақты негізде өткізіп тұруды жоспарлап отыр, себебі қоғамның құқықтық сауатын көтеруде осындай шаралардың маңызы зор.
Шымкентте өңірлік кадр резервіне 30 үміткер таңдалды
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірлік кадр резервіне іріктеудің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қадырбеков Қанат Керімханұлы өңірлік кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды баяндады.
Шымкентте этномәдени бірлестік көшбасшыларының кездесуі өтті
Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин бастаған жұмыс тобы Шымкент қаласына іссапармен келді.
Шымкентте «ҚХА-ның жергілікті атқарушы және құқықиық қорғау органдарымен, мәслихатпен байланысын нығайту» тақырыбында жиын өтті
2024 жылғы 29 тамыз күні Шымкент қаласы әкімі аппаратында «Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен, мәслихатпен байланысын нығайту» тақырыбында жиын өтті.
Шымкентте жас басқарушыларға жол ашылды: өңірлік кадр резервіне іріктеу нәтижелері шықты
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірлік кадр резервіне іріктеудің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қадырбеков Қанат Керімханұлы өңірлік кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды баяндады.
Шымкентте су және кәріз тарифтерін төмендету жұмыстары жүргізіледі
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласындағы бұрын жекешелендірілген стратегиялық сумен жабдықтау және су бұру объектілерін мемлекет меншігіне қайтару» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында сөз болды.