Түркістан: Сауран ауданына ҚР Ұлттық экономика вице-министрі жұмыс сапармен келді
Сауран ауданына Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков арнайы барып, ауданда салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Ауданның әкімшілік іскерлік орталығына 38 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция бөлімінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жүргізілуде.