Super User

Super User

ШЫМКЕНТ ЖЫЛЫЖАЙЛАРЫНЫҢ ӨНІМІ МОЛ

Бүгінде Шымкент қаласында 204 гектар жерде 113 жылыжай кешені орналасқан. Оның ішінде аумағы 71 га құрайтын 23 өнеркәсіптік жылыжайда ауылшаруашылық өнімдері өсірілуде. Бұл жылыжайларда жылына 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс өнімдері өндіріледі. Қаладағы жылыжайлардың өнімдері бүгінде базар, дүкендерде самсап тұр және жыл бойы үзілген емес. Өнімдер ішкі нарықты қамтып қана қоймай, көрші елдерге де экспорт жасалады.

Шымкент көкөніс, жеміс-жидегімен елімізге ғана емес, шетелге мәлім қала. Қалада ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестікке қабілетті етіп өндірілетініне ілгеріде күмәндана қарайтындар көп болатын. Алайда, енгізіліп жатқан жаңа технологиялар көптің күмәнін сейілткен. Оған  – Бозарық тұрғын алабында орналасқан «Зауре» жылыжайы дәдел. Аумағы 3 гектарлы өндірістік жылыжай кешені 2020 жылы іске қосылған.

Жаңа технологияларды қолданған «Зәуре» жылыжайында өнім сапасына да аса мән беріледі. Соның дәлелі мұндағылар тозаңдау жүмыстарына арнайы араларды пайдаланады екен.

Тозаңдаушы араларды  Голандия мен  Украйнадан алдырған. Шетелдік жәндіктердің ерекшелігі еңбекқорлығында. Сонымен қатар ұясынан алыс кетпей бір жерге тез бейімделеді екен.

Жылыжай «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» және тыңайтқыш құнын субсидиялау бағдарламалары бойынша мемлекеттен қолдау алғаннан кейін көкөніс өндіру ісі өркендеді. Туркияның алдынғы қатарлы технологиясымен жабдықталды. Жылына 600 тонна өнім өндіріліп отырған агрокешенде 30-дан астам адам жұмыспен қамтылып, қызанақтың органза, мэрлис және тарелино түрлері өсіріліп жатыр. Өнімдер қала нарығы мен еліміздің солтүстік өңірлеріне саудаланады.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШАҺАР БАСШЫСЫ «БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯНЫ» КӨРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әлеуметтік қолдау мекемелерін аралап, жұмысымен танысты. Алдымен қала басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты  «Бақытты жанұя» орталығында болды. Шаһар басшысы оратылқтың жұмысымен танысты.  Ондағы нәзікжандылармен сөйлесіп, өздеріне көрсетіліп жатқан көмектің ұаншалықты пайдасы тиіп жатқанын сұрады.

 Мекеменің негізгі мақсаты – аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға жаң-жақты қолдау көрсету. Бұл жерде әйелдерге арналған түрлі бағыттар бойынша оқу курстары бар. Соның бірі тігіншілік курсы. Орталықтағы арнайы шеберхана тігін машиналары және өзге де қажет құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған. Көпбалалы аналар мұнда құрақ көрпе, қыз жасауы мен сұранысқа ие сән үлгісіндегі кимдер және түрлі ою-өрнектер кестеленген қазақы нақыштағы тақияларды тігіп үйренеді. Қызмет алушы әйелдірдің сөзінше, бұл олар үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, мұндағы курстардың барлығы да тегін. Осылайша олар бос уақыттарын тиімді пайдаланып қана қоймай, үйренген ісін кәсіпте қолданбақ. Орталықта бұдан да басқа курстар бар.Олар:  кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM курстары, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық жаттығуларын үйрететін кабинеттер жұмыс істейді.

 Сонымен бірге, мұнда атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еgov.kz порталынан мемлекеттік қызметтерді алу көмектерін ұсынылады. Мамандар  жыл басынан бері орталық 7 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетіп, психологиялық, құқықтық кеңес берілгенін алға тартады.

 Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы,4 А

Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма күндері аралығында (сағат 09.00-18.00-ге дейін)

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК СЛЕТ ӨТТІ

Шымкентте алғаш рет Орталық Азиядағы туристік ақпараттық орталықтардың Халықаралық І слеті өтті.

Бұл шара Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.Аталған іс-шараға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысып, келген орталық өкілдеріне алғыс білдірді. Жалпы, кездесуге Өзбекстан елінің 8 облысынан өкілдер арнайы келсе, Қырғыстан, Тәжікстан, Әзірбайжан республикалары мен “Kazakh tourism” ҰК онлайн түрде қатысты. Одан өзге, еліміздің 7 аймағынан, яғни "Тараз-туризм", "Visit Aqmola", "Zhetysu Travel”, Семей, “Turkistan Tourism Center”, Visit Nur-Sultan, Шығыс Қазақстан облысының визит орталықтары да қатысты.

 

–Шымкент – Қазақстанның оңтүстігіндегі ең ірі қала. Мұнда жылына 300 күн аспан ашық болып, күн күлімдеп тұрады. Біз үшін осы әлеуетті тиімді пайдаланып, туризмді қала экономикасының жетекші саласына айналдыру өте маңызды. Міне, осы тұрғыдан алғанда өзге өңірлермен және көршілес елдермен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бүгінгі шараның маңызы зор, – деді  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өз сөзінде.

 “Шымкент – оңтүстік өңірінің туристік орталығы. Қала маңына Ақсу Жабағылы қорығы, Сайрам-Өгем ұлттық саябағы, Қасқасу, Біркөлік сынды табиғаты тамаша демалыс аймақтары мен киелі Түркістан жақын орналасқан. Сондықтан оңтүстік өңірінің тарихи  

сакралды туризміне саяхат Шымкент қаласынан бастау алатынын нақты айта аламыз. Осы ретте, Қожа Ахмет Ясауидің ата-анасының кесенесі Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында орналасқанын айта кеткен жөн. Жалпы, әрбір турист — Шымкент үшін әлеуетті инвестор. Ал әрбір инвестор - турист. Қаланың әрбір тұрғыны - біздің қалаға турист тарту бойынша агент. Жалпы, 2022 жылдың I тоқсандық көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы Республика көлемінде 3 орынға жайғасқан”, - деген “Visit Shymkent” ТАО-ның басшысы Ерлан Умаров орталықтардың байланысын күшейту үшін біршама ұсынысын айтты.

Атап айтар болсақ, ол өз сөзінде аймақтық визит оталықтар – шетелдік нарықта «Visit Kazakhstan» ортақ атауымен танылатынын ескеріп, осы атауға біріге отырып, ортақ мақсат аясында жұмылу қажеттігін айтып өтті.

Айта кетейік, екі күн бойы жалғасатын слеттің соңында «Visit Shymkent» орталығы бірнеше туристік ұйымдармен ынтымақтастық жөнінде екіжақты келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.

Халықаралық шараның алғашқы күнінде – сала өкілдері арнайы баяндама жасап, ортақ талқылаулар жүргізсе, екінші күні экскурсиялық бағдарлама аясында Шымкент қаласының көрікті орындары және тарихи нысандарын аралады.

 

 

ӘКІМ БІР КҮНДЕ 100 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдау өткізді. Қабылдауға 100-ден аса азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.

 «Аманат» партиясының қалалық филиалы ғимаратында өткен біріңғай қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары және қаланың бас прокуроры Ғ.Мұқанов, Полиция департаментінің басшысы Қ.Дәлбеков және «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Ж.Бектаева да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады.

 Тұрғындардың басым бөлігі жеке мәселесімен келген. 17 азамат баспанамен қамтуды, 15 тұрғын жер телімін үлестіру мен жерді заңдастыру, 10 тұрғын әлеуметтік көмек көрсетуді сұрап келген. Одан бөлек, қоғамдық мәселені арқалап келген 15 азамат жол құрылысының сапасы, мектеп пен емхана құрылысы, бағдаршам орнату, алея салу секілді ұсынысын жеткізді. Атап айтар болсақ,  Абай ауданы Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабынан келген азамат елді мекенге мектеп пен балалар ойын алаңшасын салып беруді өтінді. Забадам шағынауданынан келген азаматша көпір салып беруді, жолға асфальт төсеу және жаяу жүргіншілер жолын салуды сұрады. Ал, Әл-Фараби ауданының тұрғыны үйінің алдына салынған заңсыз құрылысты айтып, әкімге құрылысқа рұқсат берген тиісті басқармалар үстінен шағымын жеткізді. Қаратау ауданының тұрғыны мал шаруашылығымен айналысатындықтан субсидия беруді сұрады.

Келгендердің қатарында, мектеп салу үшін арнайы жер бөлуге ықпал етуін сұраған кәсіпкерлер де болды. Сонымен қатар, тұрғындар жұмысқа орналасу, кәсіп бастауға қолдау көрсету, жерді мемлекет иелігіне қайтару, тегін дәрі-дәрмекпен қамту, мүгедектерге арналған инватаксимен мәселелерін де жеткізді.

 Сонымен қатар, тұрғындар жұмысқа орналасу, кәсіп бастауға қолдау көрсету, мал шаруашылығы үшін субсидия, жерді мемлекет иелігіне қайтару, тегін дәрі-дәрмекпен қамту мәселелерін де жеткізді.

 М.Әйтенов тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, жер учаскелерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.

 

 "AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

Осы RSS каналға жазылу