Сәрсенбі, 11 Тамыз 2021 15:49

Түркістан: Ордабасы ауданында өндіріс көлемін ұлғайту жайы сөз болды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы әкімі Бағлан Батыршаевтың тапсырмасы бойынша аудан әкімінің орынбасары Қ. Сейтқұл Шұбарсу ауылындағы кәсіпкерлермен кезекті жиналыс өткізді.

Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиналыс барысында кәсіпкерлердің ұсыныстары тыңдалып, шағын кәсіппен шектеліп қалмай, өндіріс көлемін ұлғайту жайы сөз болды.

«Өз кәсібін ашамын деген тұрғындар ауыл әкімшілігімен бірлесіп, бизнес жобаларын ұсынуы қажет. Сол арқылы мемлекеттің қаржылық қолдауына ие болады», - деді Қ.Сейтқұл.

Басқосуда «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты түсіндіріліп, өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру туралы кеңес берілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама кәсіп ашамын деген әрбір тұрғын үшін мүмкіндігі мол алаң екендігі кеңінен түсіндіріліп, кәсібін дамытам деген азаматтарға аудан тарапынан қолдау болатындығы айтылды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 563 рет