Жұма, 20 Тамыз 2021 18:08

Түркістан: Келестік шаруалар 33 тонна өнімді Нұр-Сұлтан қаласына жіберді

Келес ауданының ауыл шаруашылық саласының 33 тонна өнімі еліміздің астанасы -  Нұр-Сұлтан қаласына жол тартты.

Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 21-22 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Аталған жәрмеңкеге Келестіктерде өз белсенділігін көрсетпек. Азық-түлік тиелген көшті Келес ауданының атынан аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев бастап баруда.

Келестіктер жәрмеңкеге 2 тонна қызанақ, 3 тонна қияр, 5 тонна қырыққабат, 5 тонна қарбыз, 5 тонна қауын және болгар бұрышы, баклажан, пияз, сәбіз, қызылша сынды жалпы 33 тонна өнім түрлерін әкелуде. Барлық шаруа үшін бұл қуанышты мезет. Өйткені көктемде басталатын жұмыс жазда қызып, күзде жемісін көреді. Киелі Келес өңірінде пісіп жетілген өнімдерді Арқа төріндегі тұрғындар дәмін татады.

Сатушыларға арнайы униформа беріліп, карантин талаптары толық сақталады. Барлығы дезинфекция құралдарымен қамтылмақ. 

 «AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 295 рет