Дүйсенбі, 15 Қараша 2021 20:03

Шымкент өнімдері тек республика аумағында емес, ТМД елдері бойынша экспортталуда

Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлерді қолдауымен шағын және орта бизнес саласы қарқынды даму үстінде.

Қазіргі таңда өз жұмысын арттырып келе жатқан сауда-өндірістік фирмаларының бірі 2011 жылы Шымкент қаласында ашылған «Maxi Life» компаниясы.

«Maxi Life» компаниясы 2013 жылдан бастап құрылыс материялдары мен кондитерлік цех жұмысын іске қосты. Кондитерлік цехта тәтті тоқаштар мен түрлі торттар пісіреді, ал, құрылыс материалдары өндірісінде гипсокартон профилі, минералды сәндік сылақ, сұйық травертин және құрғақ құрылыс қоспалары, шпаклевка, кафельге арналған желім дайындайды.

Сонымен қатар, «Maxi Life» компаниясы 2017 жылы тігін цехын да іске қосты. Цехта қорғаныс құралдары, комбинезон, халат, маска, арнайы киімнің қаптарын тігу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, «Maxi Life» компаниясы жиһаз жасау өндірісінде жемісті еңбек етуде. Мұнда үйге және кеңсеге арналған корпустық жиһаздар, жұмсақ жиһаз және қаңқасыз жиһаздар да жасалады. Компания дайын өнімдерді тек республика аумағында емес, ТМД елдері бойынша да экспорттайды. 

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 709 рет