Бейсенбі, 17 Қараша 2022 21:12

Сауранда келесі жылы бірнеше нысан пайдалануға берілмек

Сауран ауданының орталығы Шорнақ елдімекенінен 38 га жер бөлініп, онда аудандық әкімдік, күштік құрылымдар ғимараттары мен инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков мәлімдеді.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл нысан келесі жылдың басында қолданысқа беріледі. Әкімшілік іскерлік орталықтағы басқа да ғимараттарды 2023 жылы толық пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Шорнақ елдімекенінде өрт сөндіру депосы мен 200 орындық аудандық орталық аурухананың, 500 орындық мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Аудан әкімінің айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша ауданда 7 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленіп, құжаттары рәсімделген. 2023-2024 жылдар аралығында С.Қожанов елдімекенінде 300 орындық, Еңбекші дихан мен Қарашық елдімекендерінде 600 орындық, Аша, Ынталы және Құмтүйін елдімекендерінде 900 орындық, ал Ескі Иқан елдімекенінде 2 000 орындық мектептің құрылысы басталып, ел игілігіне тапсырылмақ.

Қазіргі таңда Ескі Сауран қалашығының аумағында «Сапар орталығының» құрылысы жүргізілуде. Ал Оранғай ауылдық округінде жоба құны 2 млрд 200 млн теңгені құрайтын емдік сауықтыру және ойын-сауық қонақ кешенінің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жеке демеушілер тарапынан іске асырылып жатқан қонақүй келер жылы пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында да ілгерілеушілік бар.Мәселен, келесі жылы  ауданда жалпы құны 13 млрд 847 млн теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып, жер телімдері қарастырылуда.

- Ауыл шаруашылығы – ауданның басым бағыттарының бірі. Жыл басынан бері ауданда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 3 млрд 727 млн теңге инвестиция тартылды. Ал, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 300 млн теңге тартылып, инвестициялар тапсырмасы бүгінгі күнге 168,47 млн теңге орындалды. Бұдан бөлек, «ЯССЫ AGRO.KZ» ЖШС мекемесі 800 га жер көлеміне жеміс-жидек сақтайтын қойма құрылысы, егістік жерге жоңышқа, картоп, сәбіз дақылдарын өсіру және жоңышқадан гранула жасайтын зауыт құрылысын салу мақсатында 4 млрд 199 млн теңге бөлу жоспарлануда, - деді аудан әкімі.

Ал, «БНК Агро Kz» ЖШС мекемесі тарапынан 650 га жер көлеміне әлеуметтік маңызы бар дақылдарын жаңбырлатып суару әдісін қолдану арқылы өсіру және оны сақтау қойма құрылысын салу жобасы бойынша 1 млрд 648 млн теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, «Туркестан Агро XXI» ЖШС мекемесінен 600 га жер көлеміне жаңбырлатып суару әдісін ендіру жобасы бойынша 1 млрд 200 млн теңге, дәл осы мекеме 46 га жер көлемі бойынша МТФ-ға 6 млрд теңге қарастыруда. «Иманқұл ата» ШҚ мекемесі тарапынан 2 га жер көлемінде балық шаруашылығына 800 млн теңге бөліп, кәсіпті дамыту жоспарланған. Жалпы Сауран ауданы бойынша жобалардың құны 13 млрд 847 млн теңгені құрайды.

2023 жылға жоспарланған инвестициялық жобалардың бірі - азық-түлік белдеуін ұлғайту бойынша құны 8 млрд 533 млн.теңгені құрайтын «TURKISTAN FRUIT» ЖШС инвестициялық жобасы. Жоба «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына» енгізіліп, 2023 жылы ашылуы жоспарланған. Жоба шеңберінде 400 га жерге қара өрік егіліп, оны өңдеп шырын шығару және 60 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 388 843 гектарды құраса, оның ішінде: суармалы – 44441 га; жайылымдық жер – 344 402 га. Ауданда 1806 шаруа қожалықтары мен заңды тұлғалар бар. Аудан бойынша: мал мен құс саны  793 708 басты құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108% артқан.  Ірі қара -104,4% (93 653 бас); жылқы – 15,1% (18 737 бас); уақ мал – 102,5 % (490 918 бас); түйе –108,8 % (3 635 бас); құс –            128,7%      (185 241 бас); шошқа –             92,9% (1 524 бас). Биылғы жылға 42 137,4 гектар егіс егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 102,8 пайызға артық орындалды. Егістік жерлер Түркістан магистралды каналы және 9 су қоймалары мен тік дренажды ұңғымалар арқылы суарылмақ.

Ауданда көптен бері шешілмей келген мәселе, ағын судың тарифі екі түрлі болатын. Ескі Иқан ауылдық округіндегі «ИДЖЖЖ-2» (ПУИД-2) бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізген «Қазсушар» мекемесінің тарифтік бағасы 787,36 тг болса, ішкі жүйелерге су беретін «Тұран су» мекемесінің тарифтік бағасы 251,19 тг болған. Биыл осы мәселе шешіліп, жүйелер «Тұран Су» ШЖҚ МКК- теңгеріміне өтті. Ағын судың тарифтік бағасы 251,19 тг болып белгіленді. Сонымен қатар, иесіз мүлік болып келген «Майдантал» мен «Ырмақ» су қоймалары да «Тұран Су» ШЖҚ МКК-ның теңгеріміне өткізіліп, жөндеу жұмыстарына қаржы қаралуда екен. Үш жақты келісім бойынша 1178,7 гектар жаңбырлатып суару технологиясын орнату тапсырмасы 1251 гектар орындалды (106 %). 200 гектар тамшылатып суару технологиясын орнату тапсырмасы 253 гектарға орындалған (127 %).

160 гектар қарқынды бау егу тапсырмасы 249 гектарға орындалды (156 %).10 гектар жылыжай салу тапсырмасы 10,4 гектарға орындалды (100,4 %). 400 бас ІҚМ басын импорттау (аналық етті бағытта) тапсырмасы 231 бас орындалды (57,8 %).            18000 бас аналық ІҚМ тұқымдық түрлендіру тапсырмасы 9107 бас орындалды (50,6 %). 8000 бас бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу тапсырмасы 4685 бас орындалды (58,6 %). 5000 бас фермерлік шаруашылықтардың аналық ҰҚМ сатып алу жоспары (несиелендіру жолымен) тапсырмасы 5038 бас орындалды (100,8%).

Сауран ауданы бойынша «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бүгінгі күнге субсидия алуға 296 шаруа өтінім тапсырылып, мемлекет тарапынан жалпы құны 716,4 млн теңге қаржылай қолдау алған. 300 млн теңге тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялар тапсырмасы бүгінгі күнге 168,47 млн теңге орындалды (56,2 %). 6 млрд 300 млн теңге ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар тапсырмасы, бүгінгі күнге 3 млрд 727 млн теңге инвестиция тартылды (59,2 %). Жыл соңына дейін үш жақты келісім бойынша берілген тапсырмалық көрсеткіштер толық орындалады дейді аудан әкімі. Алдағы уақытта жалпы құны 13 млрд 847 млн тг құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап, жер телімдерін қарастырудамыз дейді Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 744 рет