Жұма, 06 Қаңтар 2023 19:43

Түркістан: Бизнестің құқығын қорғау – басты мақсат!

 Өңір кәсіпкерлерінің құқығын қорғауда қандай жұмыстар атқарылды?

Алға қойған меже қандай?  Еліміздің дамуына, халқымыздың әлеуетінің өсуіне, Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда қандай жұмысытар жасалмақ?

Жалпы, өткен жылды қорытындыласақ. 2022 жылы Өңірлік палатаға кәсіпкерліктің дамуын шектейтін, құқықтарын бұзып, әкімшілік кедергілер тудыратын 206 арыз-шағым келіп түскен.

Түркістан - аграрлық сала кеңінен дамыған өңір. Тиісінше, келіп түскен арыз-шағымның басым бөлігі (30% астам) ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласына қатысты болып отыр. Дегенімен, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының әрекетіне түсіп отырған шағымдар да аз емес.

Палата келіп түскен арыз-шағымдарды оның маңыздылығы мен өзектілігін, жүйелілігін есере отырып тиісті мемлекеттік органдарға қажетті ұсыныстар жолдап, келіссөздер жүргізеді. Қажет болған жағдайларда мемлекеттік органның, олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеті/әрекетсіздігіне сотқа шағым келтіру арқылы кәсіпкерлердің соттағы құқықтарының қорғалуына сүйемелдеу көрсетеді.

Бұл ретте, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің барлық қызметі ақысыз көрсетілетінін айта кеткен жөн.

Бизнестің құқығын қорғауда Палатаның негізгі серіктесі прокуратура органдары болып табылатыны белгілі. Десекте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің аумақтық департаменті мен басқа да бақылау-қадағалау органдарының бизнестің құқығын қорғауда Палатамен өзара ынтымақтастыққа қол жеткізіп отырғанын атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен «Атамекен» ҰКП-сы бүгінгі таңда бизнестің құқығын қорғауда өзара ынтымақтастыққа қол жеткізіп, бұл бағытта бірлескен жұмыстарды жүйелендірген.

Осылайша, 2022 жылы Бөлімнің сарапшы-заңгерлерінің біліктілігі мен кәсіпкердің құқығын қорғаудағы атқарған жұмыстарының арқасында өңір кәсіпкерлерінің 10 млрд. (10 268 853 670) теңгеден астам мүліктік құқығын қорғап, келіп түскен арыздың 96-сы немесе 47% кәсіпкердің пайдасына шешілген.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңы мен «Құқықтық актілер туралы» Заңына сай, Ұлттық палата кәсіпкерлік мүддесін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысады.

Бұл ретте, өткен 2022 жылы Өңірлік палата жергілікті атқарушы органдардың 297 нормативтік құқықтық актілерінің жобасына сараптамалық қорытынды берсе, оның 74-не қолданысқа енгізгелі отырған нормативтік құқықтық актінің кәсіпкерліктің мүдделерін шектеуіне алып келуіне байланысты ескертулер мен ұсыныстар берген. Ал, палатаға келіп түскен НҚА жобаларының 77-сі кәсіпкерлік мүдделерін мүлдем қозғамайды.

Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауда негізгі тетіктердің бірі – Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесі.

Аталған Кеңес мүшелігіне, облыс мәслихатының депуттарымен қоса облыстық деңгейдегі прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет, авдокаттар мен беделді кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, басшының бірінші орынбасарлары кіреді.

Палата келіп-түскен бизнестің жекелеген және жүйелі проблемалық мәселелерін Кеңестің күн тәртібіне қойып, мемлекеттік органдардың қатысуымен анықталған мәселелердің оңтайлы шешуіне шаралар қабылдау жөнінде хаттамалық ұсыныстар жолдайды.

Осылайша, өткен есептік кезеңде Кеңестің 12 отырысы өткізіліп, онда бизнестің жекелеген және жүйелі 27 мәселесі қаралып, мемлекеттік органдарға 52 хаттамалық ұсыныс енгізілген. Нәтижесінде, енгізілген хаттамалық ұсыныстардың 47 (90%) қабылданып, мәселелер оңынан шешілген.

Қортындылай келе, 2022 жылы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімі бизнестің проблемалық мәселелірн шешуде елеулі жұмыстар атқарды. Оған дәлел, Біздің сапалы қызметімізге куә болған кәсіпкерлердің алысхаттары.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы әріқарай да бизнестің құқығын қорғау мәселелерінде Сіздерге әрқашан сапалы құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін хабарлаймыз.

Құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді шектейтін, кәсіпкерлігіңіздің дамуына кедергі келтіріп отырған кез-келген мәселе бойынша Біздің байланыс нөмірлерімізге хабарласуларыңызға болады:

З.Амирова - 8(701)-112-64-88, бөлім басшысы Н.Каримбаев – 8(700)-023-24-47, сарапшылар С.Сартбаев – 8(708)-145-25-26, Н.Жунсалиев – 8(778)-111-90-69. Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі, 42.

 

Оқылды 263 рет