Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасы Төлеби аудандық филиалының өкілдері өткен жыл бойынша атқарылған жұмыстарын мәлімдеді.
Мәлімдемеде, жыл басынан Атамекен МҚҰ бойынша 4 жоба жылдық 6 пайызбен,бір сто 3 жылқы басын көбейтумен өтті. Агрорлық несие корп АҚ -19жоба,Ырыс МҚҰ-24жоба 8%, Бизнестік жол картасы бағдарламасымен -1жоба, Көктемгі дала жұмыстарына-6жоба егін егу жұмыстарына құжаттары рәсімделіп, жалпы 293 млн құрады.
Заң аясында 6 арыз шағым түсіп, оның ішінде прокуратура саласымен екі арыз қаралып, дер кезінде әкімшілік кедергіні шешу мақсатында ЖШС Балмұздақтың мәселесі оң шешімін тауып,жауапты қызметкерге шара қолданылды. ЖК Конысбаевтың өтінімі бойынша жол белгісі орнатылып, жазбаша тұрғыда алғыс хат берілді. Астық Сауда ЖШС нің санитариялық сертификат алуына кедергіні шешу мақсатында палатаның араласуымен мәселе шешілді.
Жалпы жыл бойында 11 ден астам жиын өткізіліп,кәсіпкерлердің мәселелері тыңдалып,жұмыстар жүргізіліп,хаттамаға енгізілді. Оның ішінде СДЖ төрайымы Л.Стамбекова екі жиын өткізіп онлайн тұрғыда сабақтар өткізіліп,форумдар ұйымдастырылды!
Сервистік қызмет бойынша 1562 консультация беріліп,67 Жеке кәсіп (ип)ашылды. 52-салықтық есептер тапсырылды.48- бизнес жоспар дайындалды.
Елді мекендерді аралау бойынша бес елді мекенге ауданның Кәсіпкерлік бөлімімен сонымен қатар аудан прокуратурасымен заң саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді!
Күнделікті әрбір кәсіпкердің проблемалық мәселесін анықтау барысында объектіге барып анықтау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіп жатты.
Ауданда бірнеше дүкендер мен тамақтанатын орындар,әсемдік салон,тігін саласы,спорттық кешен ашылды.
Жыл соңында ауданның экономикасына үлек қосқан кәсіпкерлер палатаның ұсынысымен марапатталып,еңбектері бағаланды.