Сейсенбі, 10 Қаңтар 2023 20:45

Түркістан: 19 миллионнан аса сомада кәсіпкердің құқығы қорғалды

Былтыр облыстық кәсіпкерлер палатынысның «Сатып алулар және жергілікті қамту» бөліміне 26 өтініш келіп түсті. Мемлекеттік сатып алу бойынша құқықтық көмек сұрап 14 кәсіпкер өтініш білдірген. Оның ішінде 4 кәсіпкердің өтініші қаралу үстінде, 2 кәсіпкердің өтініші аймақтық тиістілігіне байланысты Ақмола және Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасына бағытталып, 2 кәсіпкердің өтініші бойынша жазбаша түсініктеме берілді.

Нақты қаржылай құқықтары қорғалған:

- ЖК Бек-Айша - 457 170 тг

- ЖК Жания - 1 925 000 тг

- Сәулет ПГС ЖШС - 181 000 тг

- Асфальт ЖШС - 16 712 289 тг сомада.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізуге талап арыз берілген 3 кәсіпкер қорғалып, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз өнім берушілер тізіліміне бұрын енгізіліп кеткен кәсіпкерлер мемлекеттік органдармен құрылған «Келісім комиссиясының» жұмысы аясында қайта шығарылып, өз қызметтерін жалғастырды.

Бөлім өз қызметін жүзеге асыру барысында құқық қорғау саласында даулы жер мәселелеріне байланысты кәсіпкерлердің өтініштері қаралып, нәтижесінде 2 бизнес субъектісіне (Ерсултан-Агро ЖШС және Берен ЖШС) құқықтық көмек көрсетіліп, 6 кәсіпкердің өтініші бойынша жазбаша түсіндірмелер беріліп, 4 кәсіпкердің (Корпорация Береке-А ЖШС, Сити Ойл ЖШС, Бекжанов ЖК, Бекжанова ЖК) битум және дизель отыны тапшылығы өтініштері бойынша күрделі мәселе болғандықтан Орталық аппаратқа жолданып, 1 өтініш Жоғарғы сот сатысында қаралуда. Өз кезегінде ТО кәсіпкерлер палатасымен облыстық тиісті құзырлы органдарға хат жолданған. Сонымен бірге, бөлім өз қызметімен шектелмей, жер мәселелеріне байланысты сараптамалық қорытындылар жүргізетіндігін, квазимемлекеттік сектордағы заңды тұлғалардың құрылуына немесе қосымша қызмет түрлерін қосуға байланысты мәселелерге сараптамалық талдау жүргізетіндігін назарыңызға жеткіземіз.

Оқылды 157 рет