Сәрсенбі, 11 Қаңтар 2023 21:12

Түркістан: Агроөнеркәсіптік кешенінің оң жұмыстары

Агроөнеркәсіп кешені бөліміне 2022 жылы 68 өтініш келіп түскен, оның ішінде 65 өтініш оң шешімін тапты. «Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі Комитетінің» кезекті 6 отырысы өткізіліп, 12 мәселе көтеріліп, 10 сұрақ оң шешімін тапқан.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес арнайы комиссияның субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушінің инфрақұрылымына қорытынды алу бойынша 30 өтініш келіп түсті. Аталған шаруашылықтарды салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша арнайы құрылған комиссия 28 кәсіпкерге оң қорытынды беріп, 2 өтінішке заң талаптарына сәйкес келмегендіктен теріс қорытынды берді.

Сонымен қатар көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жеңілдетілген дизель отынының таратылуы бойынша шаруаларға барлығы 196 000 тонна жеңілдетілген дизель отыны таратылды.

Көктемгі дала жұмыстарына 47,9 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны (жақын аудандарға 193 теңгеден, алыс аудандарға 195 теңгеден), күзгі дала жұмыстарына 48 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны таратылды(жақын аудандарға 200 теңгеден, алыс аудандарға 202 теңгеден).

Инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау бойынша 6,3 млрд. Мал шаруашылығы өнімділігінің сапасын жақсартуды субсидиялауға 8,1 млрд, өсімдік шаруашылығында тыңайтқыштарды субсидиялауға 6,1 млрд қаражат бөлініп толығымен игерілді.

Палатаға келіп түскен «Бейбарыс-Б» ЖШС-ның өтініші бойынша шет елдерге ірі-қара мал, уақ мал терісін экспортқа шығаруда ветеринариялық қадағалау департаментінен асколизация зерттеуінен өтуі тиіс болған. Алайда, бұл зерттеуді іске асыру үшін арнайы сарысу (сывортка) қажет. Сарысу тапшылығы кесірінен мал терілері асколизация зерттеуінен өте алмаған. Мәселені шешу үшін «Агроөнеркәсіп кешені» бөлімінің эксперттері Ауыл шаруашылық министрлігімен бірлесіп Ресей Федерациясынан сарысу алдыртып, мәселе оң шешімін тапқан.

 

Оқылды 166 рет