Дүйсенбі, 16 Қаңтар 2023 22:35

Түркістан: Кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер бар

Түркестан облысы Кәсіпкерлер палатасы 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде, іс бастап, жеке кәсібін дамытамын деген тұрғындарға ақысыз қызмет көрсетіп келеді.

Төмендегі қызметтерді оффлайн және онлайн (https://g4b.kz) түрдеалуға болады.

- бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша

- заңдық және конкурстық (тендерлікқызмет)

- маркетингтік (бизнеспландаржазу)

- мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру бойынша сүйемелдеу қызметтері;

Осы кызметтердіңі шінде жобаларды сүйемелдеу қызметі бойынша маман Демізақ Балжан, өткен 2022 жылдың жарты жылдығында 100 ге жуық кәсіпкерге тегін кеңес беріп, 12 жобаға сүйемелдеу жұмыстарын атқарды. Оның ішінде 9 жоба бойынша 26 млнға жуық жоба қаржыландырылды.

Биылғы 2023 жылға да жаңа мемлекеттік қолдау шараларымен қаржыландыру түрлері іске қосылуда, толық ақпарат пен қызметтер бойынша өңірлік Атамекен Кәсіпкелерлер палатасына жүгінуге болады.

 

Оқылды 337 рет