Сейсенбі, 17 Қаңтар 2023 22:22

Түркістан: start-up жобаларды, инновацияларды және жаңа бизнес-идеяларды дамытуға несие беріледі

2022 жылы «Бастау бизнес» жобасы жүзеге асқан болатын. Ұлттық жоба аясында жеке кәсібін ашқан кәсіпкерлердің саны артты.

2023 жылдан бастап, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бағдарламасы аясында 2 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейінгі гранттар экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі және ол start-up жобаларды, инновацияларды және жаңа бизнес-идеяларды дамытуға арналған.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық қосымшасын ұсынуы қажет. Құжаттарды қағаз немесе электрондық нұсқада беруге болады.

Қатысушыларға керек құжаттары:

1) "Bastau Business", "Бизнес-Кеңесші", "Жас кәсіпкер" курстарынан өткені туралы сертификаттарының болуы;

2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болған жағдайда, бизнес-жоспар әзірлеуде көмек көрсетіледі.

Оқылды 287 рет