Кәсіпкер несие аларда банк талап еткен кепілзаты жеткіліксіз болса мемлекеттен қолдау алуына мүмкіндік бар.
Ол – «Даму» Қорының кепілдігі. Кепілдік шарттары қандай? Мамандардың берген мәліметін оқи отырыңыз. Кәдеңізге жарап қалуы әбден мүмкін.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін несие сомасы 360 млн теңгеден аспайды, ал бизнес ашқанына үш жылдан көп уақыт өткен кәнігі кәсіпкерлер үшін несие сомасы 1 млрд теңгеге дейін.
Алған несие бизнеске инвестиция, айналым қаражатын толықтыру немесе қолда бар қарызды қайта қаржыландыру үшін жұмсалуы тиіс.
Бизнес экономиканың басымдық берілген салаларының бірі бойынша жүзеге асырылады. Бұл талап негізінен республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталығында кәсіп ашқандар үшін. Ал елді мекендер мен моно, шағын қалалар, ауылдардағы бизнес жобаға салалық шектеу жоқ.
Бизнес-жобанің кірістілігін дәлелдеу.
Қарыз алушының мойнында өзге де төленбеген берешектер болмауы керек. Несие тарихының оң болуы да шарт.
Қордың кепілдік беру құралы қызықтырса немесе Қор жүзеге асыратын бағдарламалар жайлы басқа да қосымша сұрақтар болған жағдайда 1408 нөмірін (тегін) теріп колл-орталық менеджерлерінен кеңес алуға болады. Немесе https://damu.kz/kz/programmi/#guarantee сілтемесі бойынша өтіп танысуға да мүмкіндік бар.