Жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған қағидалар жайында Түркістан облысы бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалының мамандары айтып берді.
Идеяны бағалаудан және бизнесіңіздің стратегиясын құрудан бастаңыз. Егер идея перспективалы болса, өзіңіздің аудиторияңызда сынап көріңіз. Алғашқы сынақтардан кейін сіздің идеяңыз аздап өзгеруі мүмкін. Бұл бастапқы талдаудың нәтижесі идеяны нақты іс-қимыл жоспарына айналдыруға көмектесетін бизнес стратегиясы болуы керек.
Толық бизнес-жоспар жазыңыз. Бұл сіздің алғашқы 6-12 айдағы басты бағдарыңыз болады. Содан кейін оны түзету қажет болуы мүмкін. Бизнес-жоспар өнімнің толық сипаттамасын, оны одан әрі түрлендіру нұсқаларын, бәсекелестердің барлық топтарын сипаттайтын нарықты талдауды және ықтимал сатып алушылардың сипаттамаларын қамтуы керек.
Қаржыландыру көздерін табыңыз. Егер сіздің бизнесіңіз экономиканың басым секторларында іске асырылса, онда сіз "Даму" Қорының бағдарламалары бойынша субсидиялар, кепілдіктер және жеңілдікті несие түрінде мемлекеттің қолдауын ала аласыз.
Бизнесті жүргізудің ыңғайлы нысаны - ЖК немесе ЖШС туралы шешім қабылдаңыз және салық салу нысанын таңдаңыз. Әр форманың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Онлайн кассаны қосу, өрт қауіпсіздігі және сертификаттау шарттары-кейінірек айыппұлдарды төлемеу үшін ескеру қажет . Егер сіз нюанстарды өзіңіз түсіне алмасаңыз, сіз сияқты салада жұмыс істейтін тәжірибелі кәсіпкерден кеңес алыңыз.
Көріп отырғаныңыздай, кез-келген бастаушы кәсіпкердің алдында көп міндет тұр. Бірақ сізге пайда мен қанағат әкелетін өз ісіңіз оған тұрарлық.