Түркістан облысында өз кәсібін дөңгелетіп оытрған жандар көп. Солардың бірі – ордабасылық Тұран Азамат. Ол өзінің еңбекқорлығының арқасында мал басын көбейтіп отыр.
Аудан кәсіпкері Тұран Азамат мал бағумен, оны сатумен, бордақылаумен айналысады. Оған өз кәсібін жөңгелетуге "TURKISTAN" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегі тиді. Дәлірегі орталыықтың Ордабасы аудандық бөлім мамандарының сүйемелдеуімен, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-нан "Іскер" бағдарламасы аясында мал басын көбейтуге несие алды. Несие сыйақысы - 6%, мерзімі - 78 ай.
Аталмыш бағдарлама Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығымен бекітілген кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес микрокредиттеу «Іскер» кредиттеу бағдарламасы бойынша қарыз қаражатын беру жолымен жүзеге асырылады.
Микрокредиттер қатысушыға қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз ету және толық пайдалану қағидаттарында мынадай шарттарда беріледі:
Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6 пайызға дейін, несиелеу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін, ауыл және шағын қалалардағы кәсіпкерлік қызметті дамытуға 6 млн. теңге дейін көзделген. Өтеу кезеңділігі жылына кемінде бір рет.
Бұл бағдарламаға кәсіпкерлер, жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Кәсібіңіздің ашылғанына үш жылдан артық уақыт болса оқу сертификаты керек емес. Ал енді ашылған, ашылғанына үш жыл толмаған кәсіпкерлік субъектілерінің иелеріне «Бастау бизнес» жобасын оқығаны туралы сертификаты болуы қажет.Ең басты талап – кепіл мүлік, сондай-ақ міндетті түрде кепілгер, яғни гарант керек. Несие алатын азаматтың да, кепілгердің де несие тарихы мұқият тексеріледі. Кешіктірілген күн саны 180-нен аспауы керек.