Бейсенбі, 12 Қаңтар 2023 21:16

Ордабасы: Жылқы шаруашылығын жандандырып отыр

Кәсіпкерлік еңбектің басқа түр­лерінен оқшауланып тұрады. Атақты неміс экономисі, Гарвард университетінің профессоры Иозиф Шумпетердің «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу» деген сөзі соның айғағындай. Өз еңбегін ұйымдастыра білген адам кәсібін дөңгеленте алады. Сондай жанның бірі  Ордабасылық Қанат Мусаев.  Кәсіпкерлік – жаңашыл іс, ша­р­уашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше үлгісі дер едік. Кәсіпкерліктің жолы тақтайдан тегіс болмайтыны да бесенеден белгілі. Өз кәсібін дөңгелетудегі қиындықтардың бірі бұл қаржы екені сөзсіз. Мұндайда кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардың көмекке келетіні бар.  Ордабасы ауданына қарасты Берген ауылының тұрғыны Мусаев Канат Шалданбайұлы өз кәсібін дөңгелету үшін сондай мүмкіндіктердің бірін пайдаланды. Ол аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінді. Осылайша орталықтың қызмет көрсетуімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-нан несиеге қол жеткізіп, несие қаражатына 14 саумалы бие сатып алған.  Кәсіпкердің мақсаты жылқы санын арттырып, мал шаруашылығына өзінің үлесін қосу.Несие мерзімі - 10 жыл. Жылдық сыйақысы - 17%. Субсидия қарастырылған. Негізгі борыш бойынша 2 жыл, ал сыйақы бойынша 12 ай жеңілдік мерзімі тағы бар.

 

 

 

 

Оқылды 129 рет