Дүйсенбі, 16 Қаңтар 2023 19:22

Түркістан: «Кәсіпкерлерге кедендік реттеу туралы» заңға енгізілген өзгерістер түсіндірілуде

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 08-ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасын іске асыру шеңберінде уәкілетті экономикалық операторлардың (бұдан әрі –УЭО) қызметін жетілдіруді көздейтін "ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексіне (бұдан әрі –Кодекс) өзгерістер енгізілді.
УЭО тізіліміне жосықсыз қатысушыларды қосу мүмкіндігін болдырмау мақсатында тізілімге енгізу шарттары, сондай-ақ тізілімнен тоқтата тұру және шығару шарттары қатаңдатылды.
Осылайша, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды УЭО тізіліміне енгізу туралы өтініш беру жағдайларын болдырмау мақсатында УЭО тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіздер кеңейтілді. Атап айтқанда, егер УЭО акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғалар авторлық құқықты бұзумен және салық заңнамасы саласындағы қылмыстармен байланысты қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылса, заңды тұлға УЭО мәртебесін ала алмайды.
Бұдан басқа, қолданыстағы редакцияда 1 немесе 3 типті куәлік бере отырып, УЭО тізіліміне енгізуге қойылатын талаптардың бірінде 5 автомобильдің болуы көзделген. Заңды тұлғалардың жүк автомобильдері жоқ тауарларды тасымалдаумен байланысты УЭО тізіліміне енгізуге өтініш беру жағдайларын болдырмау үшін Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 9) тармақшасы заңды тұлғада 5 жүк автокөлігі болуы тиіс екенін нақтылаумен толықтырылды.
Сондай-ақ, УЭО қызметін тоқтата тұру және тізілімнен шығару үшін негіздер кеңейтілді.

Айта кетейік, Кодекстің 534-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды жою кезінде куәліктің қолданылуын қайта бастау мүмкіндігін көздеу мақсатында УЭО қызметін қайта бастау мерзімі белгіленді, қаулының күшін жою не істі тоқтату туралы сот немесе өзге де уәкілетті орган (лауазымды адам) шешімі күшіне енген күннен бастап 5 жұмыс күні.
УЭО тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшаларында белгіленген заңды тұлғаны УЭО тізіліміне енгізудің жаңа шарттары енгізілгенге дейін аталған шарттар қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін көрсетілген шарттармен сәйкестендіруге тиіс екенін атап өткен жөн.

Оқылды 262 рет