Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерболат Серікбаев осылай деді. Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан «NUR AGRO» шаруа қожалығындағында жылу қазандығының бұзылуына байланысты өсірілетін қызанақ өнімдерін түгелдей үсік шалған болатын.
Кәсіпкердің айтуынша, түйіндеп, пісіп жетілген өнімдерінің жиын-терімін бүгінгі күнге дейін жасап келген. Ал, ағымдағы қаңтар айында ауа райының күрт өзгеруінен температура түсіп, күннің аяздылығы -27 дейін жеткенде, қазандықтың жылыжайды жылытуға күші жетпей, істен шыққан. Өйткені, жылу қазандықтары қыс ауасында -10 және -12 дейінгі аязда жылытуға арналған. Су және тыңайтқыштар өтетін құбырларында мұз қатып, көкөністерге жылу өз деңгейінде жеткізілмей қалған. Қазір үсіген көкөністерді жинау, тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Жылыжайдың 3,6 гектар жер аумағына 15 млн. теңгенің көшеттері егілген. Бір бөлігінде қызанақтың 5 сұрыпы өсіріледі, ал екінші бөлігінде қияр егуге тапсырыс беріліп, онда дайындық жүргізіле басталған.
Жоғары жақтың кейбір жері түскен қардың салмағынан біршама төмендеген.
Қажетті қатты отын сатып алынған. Жылу маусымында шаруашылық көмірге тапшылық көрмей келген.
Жоғары сұрыпты голландиялық көшеттерін еккен кәсіпкер 150 млн. көлемінде шығынға шығып отыр. Осы жағдайда, жұмысшылардың жалақыларын төлеу қажеттілігін тілге тиек етті.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерболат Серікбаев жеке кәсіпкер тарапынан орын алған шығынды өтеу, кәсібін одан әрі жетілдіру үшін облыс әкімдігі және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығының министрлігінің назарына жеткізгенін айтып өтті.
Сонымен қатар, жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігіне тоқталды. Атап айтқанда, отандық өнімділікті арттыру, нарықта сыртта келген өнімдермен бәсекеге түспеу, шет елдерден сатып алынатын көшет және тыңайтқыштардың бағасын реттеу, электр энергиясының тарифін төмендету, арзандатылған көмір алу, шығынға батқан жағдайда несиенің төлеу мерзімін кейінге шегіру, жеңілдетілген несиелер беру және тағы басқалары.
Айта кетелік, жылыжай 2021 жылы құрылған. Жылына өндіретін өнімінің қуаттылығы 300-400 тоннаны құрайды. 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобаны іске асыру үшін инвестициялық субсидия 233,7 млн. теңге қаралып, мемлекеттік қолдау тапқан. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 935,0 млн. теңге қаржыландырылған. Жеке есебінен 120 млн. теңге қарастырылған. Құны 1468,7 млн. теңге көлеміндегі жоба болып табылады. Шаруа қожалығын Сәдуақасұлы Нұржан басқарады.
Сайрам ауданында жалпы 165 жылыжай шаруашылығы бар болса, оның 8-і өнеркәсіптік, қалғаны фермерлік. Осы жылыжайлардың екеуінде қатты отынға қажеттілігі болып, аудан әкімдігінің ықпалымен шешімін тапқан.