Елімізде де бүгінгі таңда мемлекет шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жолында бірқатар бағдарламалар қабылдады.
Егер адам кәсіпті жеке өзі бастаймын десе, ең бірінші адамға дұрыс бағыт, яғни идея керек. Екіншіден, идеяны іске асыратын қаражат көзі қажет. Идея да, қаражат та өзіңізден болса тіпті жақсы. Қаражатсыз сізге келіп біреу кәсіп ашып бермейді. Идея мен қаражат та өзіңнен табылса тіптен керемет. Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген сөзін шын түсінесің. Өз кәсібіңді өзгеге сеніп тапсырудың қажеті жоқ, тек өзің ғана еңбектенгенің жақсы. Бизнес бастау үшін мықты ерік-жігермен қатар, заманға сай икемді болған дұрыс. Дәл осыны ұранды ұстанған Алдаберген Есқараев өз кәсібін бастауда қара күшіне сенуде. Және де мемлекеттік бағдарламаға арқа сүйеуде. Осылайша ол «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Арыс қалалық бөлімінің мамандарының сүйемелдеуімен, шаруа қожалығындағы мал басын арттырып отыр. Басшысы Есқараев Алдаберген "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-нан "Іскер" бағдарламасы аясында уақ мал басын көбейтуге несие алды. Несие сыйақысы - 6%, мерзімі - 84 ай.
Енді ол алдағы уақытта ет бағытындағы уақ мал басын көбейтіп, ет күйінде сауда қатарларына өткізуді жоспарлап отыр. Тілге тиек етейік, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығымен бекітілген кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес микрокредиттеу «Іскер» кредиттеу бағдарламасы бойынша қарыз қаражатын беру жолымен жүзеге асырылады.Микрокредиттер қатысушыға қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз ету және толық пайдалану қағидаттарында мынадай шарттарда беріледі:Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6 пайызға дейін, несиелеу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін, ауыл және шағын қалалардағы кәсіпкерлік қызметті дамытуға 6 млн. теңге дейін.Өтеу кезеңділігі жылына кемінде бір рет.