Сәрсенбі, 01 Ақпан 2023 08:11

Түркістандық 10 әйел кәсіпкерлігін дамыту курсынан өтті

Лондондағы "Imperial Colledge London" бизнес мектебінің БҰҰДБ желісі бойынша ӘКДО жобасының серіктесі негізінде онлайн оқытудан өткен өңіріміздің он кәсіпкер ханымдары алғыс хаттармен марапатталды.

Түркістан облысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызметі аясында 10 кәсіпкер әйел өз бизнесін дамыту үшін тәлімгер Сауле Мусаеваның сүйемелдеуімен бірлесіп жұмыс жасаған. Табандылығы мен бизнесті жүргізуге деген ұмтылысы арқасында барлық 10 менти марапатталды.

Бұл оқытудан кәсіпкер ханымдар бизнес-процесстерді жетілдіруді, серіктестіктермен, қызметкерлермен және тұтынушылармен тиімді қарым-қатынас орнатуды үйренген.

Алғыс хаттарды Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрбол Рысбеков, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Тулегенова және ментор Сауле Мусаева табыстады.

Оқылды 1180 рет