Түркістан: Жеңіл несиені қалай алуға болады?

Бұл сұраққа Түркістан облысы бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалының мамандары жауап берді.

Бұл – біздің әлеуметтік желілерде жиі қойылатын сұрақ. Қор жүзеге асыратын барлық бағдарламалар шарты жариялы, ғаламтордан тауып алу да қиын емес. Damu.kz ресми сайтымызда да бар. Дегенмен, жеңіл несиеге барар жолдың алғашқы қадамдарын талдап жазар болсақ:

Қор жеке тұлғалармен жұмыс істемейді. Қордың миссиясы – микро/шағын және орта кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Сондықтан заңды тұлға болуыңыз шарт.

Тіркеген жеке кәсіпкерлік нысаныңыз кемінде 6 ай жұмыс істеп, салық уақытылы, ашық түрде төленуі керек. Басқа да есептілік құжаттарда мін болмасын.

Есеп айырысу шотын ашатын банк таңдаңыз.

Несие алу үшін өтінім бергенде жобаңызды сауатты жасап, оны қорғау маңызды. Онда барлық кіріс-шығын, өзін-өзі қай уақытта ақтап, таза пайда түсе бастайтыны айқын көрсетілуі тиіс.

Бизнесіңізге қай мемлекеттік бағдарлама ыңғайлы екенін анықтай алмасаңыз Қордың өзіңіз тұратын өңір орталығындағы филиалға келіңіз. Менеджерлер көмектеседі. Филиалдар мекенжайын damu.kz сайтының бас бетінен табасыз.

Банктен сіз несие сұрасаңыз, олар сізден кепілдік сұрайтынына да дайын болыңыз. Оған мүлік, көлік, құнды қағаздар немесе депозит жарайды. Ең бастысы – ұсынатын кепілдігіңіз сұратқан сомаңыздың біраз бөлігін болса да жабатын болуы шарт. Кепілдігіңіз жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қоры несие сомасының 50 немесе 85 пайызына тең келетін кепілдік ұсынатынын біліңіз.

Ордабасы: Мал басын көбейту үшін «Іскер» бағдарламасы көмекке келеді

Түркістан облысында өз кәсібін дөңгелетіп оытрған жандар көп. Солардың бірі – ордабасылық Тұран Азамат. Ол өзінің еңбекқорлығының арқасында мал басын көбейтіп отыр.

 

Аудан кәсіпкері Тұран Азамат мал бағумен, оны сатумен, бордақылаумен айналысады. Оған өз кәсібін жөңгелетуге "TURKISTAN" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегі тиді. Дәлірегі орталыықтың Ордабасы аудандық бөлім мамандарының сүйемелдеуімен, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-нан "Іскер" бағдарламасы аясында мал басын көбейтуге несие алды. Несие сыйақысы - 6%, мерзімі - 78 ай.

Аталмыш бағдарлама Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығымен бекітілген кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес микрокредиттеу «Іскер» кредиттеу бағдарламасы бойынша қарыз қаражатын беру жолымен жүзеге асырылады.

Микрокредиттер қатысушыға қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз ету және толық пайдалану қағидаттарында мынадай шарттарда беріледі:

Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6 пайызға дейін, несиелеу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін, ауыл және шағын қалалардағы кәсіпкерлік қызметті дамытуға 6 млн. теңге дейін көзделген. Өтеу кезеңділігі жылына кемінде бір рет.

Бұл бағдарламаға кәсіпкерлер, жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Кәсібіңіздің ашылғанына үш жылдан артық уақыт болса оқу сертификаты керек емес. Ал енді ашылған, ашылғанына үш жыл толмаған кәсіпкерлік субъектілерінің иелеріне «Бастау бизнес» жобасын оқығаны туралы сертификаты болуы қажет.Ең басты талап – кепіл мүлік, сондай-ақ міндетті түрде кепілгер, яғни гарант керек. Несие алатын азаматтың да, кепілгердің де несие тарихы мұқият тексеріледі. Кешіктірілген күн саны 180-нен аспауы керек.

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кәсіпкерлік қарқын алған жерде экономикалық өрлеу, адами капиталдың өсімі болады. Ал, рынокты тұтынушыларға қажетті, сұранысқа ие тауарлармен қамтамасыз ету – әлеуметтік тұрғыда елдің ахуалының жақсаруына алып келеді.

 

Сондықтан да, мемлекет басшысының бастамасымен жыл сайын кәсіпкерлерге жасалатын мемлекеттік қамқорлықтардың қатары артып, берілетін несиелердің суммасы да көбейіп келеді.

 

Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Жетісай және Мақтаарал аудандарының кәсіпкерлерімен кездесіп, шикізатты қайта өңдеу, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері бойынша еркін форматта пікір алмасты. Мемлекеттік бағдарламалардың барысы таныстырылды

 

«Еліміздің барлық аймақтарында, оның ішінде Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Жеңілдетілген несиелер мен жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған қаржылардың көлемінің артуы – кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірушілердің арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға оң ықпал етері сөзсіз. Кәсіпкерлік дамыған қоғамда жұмыссыздық деңгейі төмендер, халықтың әл-ахуалы жақсаратын болады» деді облыс басшысы.

 

Жиын барысында негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тікелей байланысты ауданда қайта өңдеу саласына қажетті шикізаттың, нақтырақ айтқанда бау-бақша мен жеміс-жидектердің жеткілікті екендігі айтылып, мақта, жүгері, маш шаруашылықтарын дамыту, ағын суды үнемдеу тәсілдері кеңінен сөз болды. Ұсыныс-пікірлер талқыланып, сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Айта кетейік, өткен жылы ауданның өнеркәсіп өнім көлемі 14 млрд 814 млн теңгені құраса, оның 7,6 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Ал, ауыл шаруашылығында 104 024,9 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, 19 мың шағын және орта бизнес субъектілерінде 21 186 адам жұмыспен қамтылған. Бизнес саласының өкілдері 65,5 млн теңгенің қызметін көрсетіп, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 13 113,5 млн теңгеге жеткен.

ТҮРКІСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АУДАНДАРЫНДА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛМАҚ

Түркістаноблысындаөнеркәсіптіңдамуынабасымдықберіледі. Жекеөндірісжәнекәсіпорындардыңартуынакүшсалып, индустриалдыаймақтардыжаңакезеңгешығаратыннақтыжоспарқажет. ОсылайдегенТүркістаноблысыныңәкіміДарханСатыбалдыМақтааралауданынажұмыссапарында «Мемлекетбасшысыныңөңдеуөнеркәсібініңөсімінқамтамасызетужөніндегітапсырмаларысапалыорындалуытиіс», деді. Бұлбағыттаауданәкімінебірқатарміндетжүктеп, жұмысорындарынкөбейтубағытындағыжобаларғақолдаудыкүшейтудітапсырды.

Облысбасшысыөндірісорындарыменқұрылыснысандарынаралап, жауаптысалабасшыларыменкездесті. Ақалтынелдімекеніндеорналасқанауданныңиндустриалдыаймағыныңжұмысыментанысты. Мұнда 5 кәсіпорынжұмысістейді. "БерекеММА" ЖШС-ныңмақтаөңдеузауыты, "Қазақстан-Ресей" мақтакомпаниясыныңмақтаөңдеузауыты, "Zhanassyl" ЖШС-ныңмақтаөңдеузауыты, "El kz" ЖШС-ныңасфальт-бетонзауыты, "Soldatos" ЖШС-ныңасфальт-бетонзауытыжәне "Инженернаяарена" ЖШС-ныңкүнэлектрстанциясыіскеқосылған. Аталғанкәсіпорындарда 300-гежуықадамтұрақтыжұмысорныменқамтылған. БиылМақтааралауданыныңиндустриалдыаймағында "ЫрыстыБереке" ЖШС-ныңасфальт-бетонзауытыжәне "Мырзашөлқұс" ЖШС-ныңқұсшаруашылығыфабрикасыіскеқосылатынболады. Облысәкіміиндустриалдыаймақтыңәлеуетінтиімдіпайдалану, кәсіпорындардыкөбейтужұмыстарынжандандыружөніндетапсырмаберді.

Облысымыздыңбасымбағытыөндірісжәнежұмысорындарынашу. Жаңакәсіпорынашамын, халықтыжұмыспенқамтимындейтіназаматтарғақолдаукөрсетіледі. Ауданәкімдігііскер, белсенді, нақтыжобасыбаразаматтарғажағдайжасап, кәсібінашуынакөмектесуітиіс. Мемлекеттарапынанберілетінжеңілдетілгеннесиелерменсубсидияларлайықтыадамдарғаберілсеғанаөндіріскөлеміартады. Индустриалдыаймақтыңәлеуетінтолықпайдаланудытапсырамын. ӨзбекстанменшекараласжатқанОңтүстікаудандардыңдамуы, мұндакәсіпорындардыңашылуыбақылаудаболады. Бұлаймақтардыңәлеуетіжоғары, – дедіөңірбасшысы.

Д.Сатыбалды 2022 жылыіскеқосылған "Zhanassyl" ЖШС-ныңмақтаөңдеузауытыныңжұмысыментанысты. Мұнда 150 адамжұмыспенқамтылған. Жобаныңқуаттылығыжылына 65 мыңтонна. ОданкейінМақтааралауылдықокругі, Көкаралелдімекеніндеорналасқан "Tulpar-May" ЖШС-ныңмайшығарузауытындаболды. ҚазақстанменТүркияелдерібірлесіпашқан "Tulpar-May" ЖШСжылына 2,9 мыңтоннамақтамайын, 14 мыңтоннашротөндіреді. Жалпыинвестициякөлемі – 2,1 миллиардтеңге. Зауытта 48 адамжұмысістейді. Жылына 10 мыңтоннамақтаөңдеугеқауқарлы.

ОблысбасшысыМақтааралауданындаорналасқан "Атамекен" кедендікбекетімен "Сырдария" бақылау-өткізупунктініңжұмысын, жай-күйінкөрді. СоныменқатарЖаңажолауылдықокругі, Нұрлыжолауылындаорналасқан 200 орынғаарналған "Нұрлыжол" мектебініңқұрылысынбақылады. Бұлбілімұясыныңқұрылысыдақатаңбақылауғаалынған. Құрылысматериалдарыныңкүртқымбаттауыменөзгедесебептердіжелеуеткенмердігерлероблысбойынша 10-нанастаммектептіңқұрылысынтоқтатқан. Өңірбасшысыжауаптыларғақажеттіқаражаттықарастырып, құрылыстыжандандыружөніндетапсырмаберді. Тапсырысберушіменмердігердіңкелісімшарттакөрсетілгенміндеттерінорындауытұрақтықадағаланады.

Арыс: Уақ мал басын көбейтуді қолға алған шаруа

Елімізде де бүгінгі таңда мемлекет шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жолында бірқатар бағдарламалар қабылдады. 

Егер адам кәсіпті жеке өзі бастаймын десе, ең бірінші адамға дұрыс бағыт, яғни идея керек. Екіншіден, идеяны іске асыратын қаражат көзі қажет. Идея да, қаражат та өзіңізден болса тіпті жақсы. Қаражатсыз сізге келіп біреу кәсіп ашып бермейді. Идея мен қаражат та өзіңнен табылса тіптен керемет. Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген сөзін шын түсінесің. Өз кәсібіңді өзгеге сеніп тапсырудың қажеті жоқ, тек өзің ғана еңбектенгенің жақсы. Бизнес бастау үшін мықты ерік-жігермен қатар, заманға сай икемді болған дұрыс. Дәл осыны ұранды ұстанған Алдаберген Есқараев өз кәсібін бастауда қара күшіне сенуде. Және де мемлекеттік бағдарламаға арқа сүйеуде. Осылайша ол «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Арыс қалалық бөлімінің мамандарының сүйемелдеуімен, шаруа қожалығындағы мал басын арттырып отыр.  Басшысы Есқараев Алдаберген "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-нан "Іскер" бағдарламасы аясында уақ мал басын көбейтуге несие алды. Несие сыйақысы - 6%, мерзімі - 84 ай.

Енді ол алдағы уақытта ет бағытындағы уақ мал басын көбейтіп, ет күйінде сауда қатарларына өткізуді жоспарлап отыр. Тілге тиек етейік, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығымен бекітілген кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес микрокредиттеу «Іскер» кредиттеу бағдарламасы бойынша қарыз қаражатын беру жолымен жүзеге асырылады.Микрокредиттер қатысушыға қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз ету және толық пайдалану қағидаттарында мынадай шарттарда беріледі:Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6 пайызға дейін, несиелеу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін, ауыл және шағын қалалардағы кәсіпкерлік қызметті дамытуға 6 млн. теңге дейін.Өтеу кезеңділігі жылына кемінде бір рет.

АРЫСТЫҚ КӘСІПКЕР 30 ОТБАСЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАДЫ

Арыстық азамат жұма күні 4 ауыл тұрғындарына қайырымдылық жасап, ел алғысына бөленді. Жеке кәсіпкер Олжас Сансызбайұлының бастамасымен жергілікті белсенді жігіттер тұрмысы төмен әрі көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, қол ұшын созды.

Атап айтқанда, 7 тонна көмір қапталып, 30 отбасы мен 2 мешітке тегін таратылды. Сондай-ақ 40 қап ұн көпбалалы отбасылар мен асыраушысынан айырылған жандардың үйіне жеткізіліп, ондаған ананың көңіліне қуаныш, ұл-қыздардың жүзіне күлкі сыйлады.

Адам баласының жанын жадырататын мұндай шарадан дін өкілдері де шет қалмай, Ақдала, Дермене, Еңбекші елді мекенінің белсенді жастары да біркісідей атсалысқан.

Жақсылық жасауда жарысатын арыстық кәсіпкерлер бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатынын айтады. Ал ауыл тұрғындары болса, естігенде елең еткізетін, жұма күнгі мұндай шараны дәстүрге айналдыруға атсалысамыз дейді.

Айта кетейік, Олжас Сансызбайұлы бұдан да бөлек қайырымдылық шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Ақдала ауылында халыққа тұрақты түрде қызмет ұсынатын қоғамдық монша ашқан кәсіпкер әлеуметтік аз қамтылған ауыл тұрғындарына монша қызметін тегін ұсынып, ауыл тұрғындарының алғысына ие болған.

Түлкібаста 23 жоба қаржыландырылды

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Түлкібас аудандық филиалының кәсіпкерлікті қолдау орталығы 2022 жыл басынан, бүгінгі күнге дейін 252 кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар азаматтарға «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба» және басқада мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы 744 кеңестер беріліп, бизнес жобаларына сүймелдеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, «Атамекен-Түркістан» МҚҰ-нан, Түлкібас ауданы бойынша 23 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде қызмет көресту саласы бойынша 5 жоба, мал шаруашылығын дамыту бойынша 19 жоба қаржыланды.

«ЫРЫС» шағын несие ұйымынан мал шаруашылығы боййынша 3 жоба, көктемгі дала жұмыстары бойынша 15 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» 5 жоба, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан ауыл шаруашылығы 3 техникасын (трактор) алу бойынша жобалар мақұлданып, өз кәсіптерін жүргізуде.

Сонымен қатар, сервистік көмектер көрсету барысында «Е-лицензия» порталы бойынша 11 тұлғаға жеке кәсіпкерліктерін мемлекеттік тіркеу бойынша көмек алды.

Аудан прокуратурасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлер кеңесі, аудан кәсіпкерлері, Іскер әйелдер кеңесі және мүшелері, жеке меншік бала бақша меңгерушілермен, әр түрлі бағытта, жиындар, кездесулер өткізілді.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастыруымен «АЛТЫН КҮЗ» мерекесі өтті, Түлкібас ауданының жеке кәсіпкерлері «КЕНТАУ» ЖШС, «Мичурин алма экспорт» ЖШС-і, «ЕҢ ҮЗДІК ЖЕМІС ЖИДЕК ӨНДІРУШІ» болып ауыл шаруашылығы саласының үздіктері болып марапатталды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша, 2 өтініш түскен болатын.Жеке кәсіпкер Спабекова қосымша жер телімін алу үшін, өтініш берген, нәтижесінде оң шешімін тапты, жеке кәсіпкер БАРЫС 2020 Сартбаеваның, өз өтініші бойынша жазбаша жауабын алды.

Жалпы, 2022 жылды қорытындылап, кіріп келген, Жаңа жылда кәсіпкерлер үшін, істері оң болып,берекелі жыл болсын.

Палатаның басты міндеттердің бірі, кәсіпкерлерге сапалы қызмет жасау, оларды жан жақты қолдап,олармен тығыз байланыста жұмыс атқаратынымызға, толықтай сенім білдіреміз.

ТҮРКІСТАНДА БЫЛТЫР 273 ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІПТЕРІН БАСТАҒАН

Түркістанқаласындашағынкәсіпкерліктідамытубағытындамемлекеттарапынантұрақтықолдаукөрсетіліпкеледі. Мемлекеттікгранттарбастапқыбизнестііскеасырудыжоспарлайтынбағдарламағақатысушыларғаөтеусізжәнеқайтарымсызнегіздеберіледі. Ұлттықжобааясындакәсіпкерлікмақсаттаберілетінқайтарымсызгранттар 400 айлықесептіккөрсеткішкөлемінде (1 225 200 теңге ) ұсынылды.

Бұлбағыттағы 2022 жылыатқарылғанжұмыстарғатоқталсақ, облысорталығындажаңабизнесидеялардыіскеасыруғаөтінішбілдірген 273 азаматқа (оныңішінде 120 әлеуметтікосалсанатынажататынтұлғаларғажәне 153 жұмыссызжастар) қайтарымсызқаржылайқолдаукөрсетілді. Бүгіндегрантқаражатыменқамтылғаназаматтарзаңдытұлғаретіндетіркеліп, өзкәсіптеріндөңгелетуде.

Жаңабизнес-идеялардыіскеасыруғаарналғанмемлекеттікгрантқаражатықажеттіеңбекқұралдарын, технологиялықжабдықтарды, жануарларды, малды, құстардысатыпалуүшіннысаналымақсаттапайдаланылады. Албұлқаржынытұтынушылықмақсаттарға, несиеқарыздарынөтеуге, жылжымайтынтұрғынүйсатыпалуғажәнесалуға, жеручаскелерінсатыпалуғақолдануғаболмайды.

Бастапқыкәсіпкерліккеқаржылайқолдаукөрсетушараларыбиылдажалғасады. Жоспарғасәйкес, биыл 110 азаматқагрантқаражаттарынұсынукөзделіпотыр.