Сәрсенбі, 17 Қараша 2021 19:31

Шымкентте қатты жел салдарынан екінші ауысым сабақтары онлайн оқуға ауыстырылды

Шымкент мектептеріндегі екінші ауысым сабақтары ауа райының байланысты онлайн форматқа ауыстырылды.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасы мәлімдеді.

«Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық білім ұйымдарында 17 қараша күннің екінші ауысым сабақтарын онлайн форматында өткізу ұсынылды» - делінген басқарма хабарламасында.

Шымкентте қазір ауа температурасы желдің әсерінен аяз көтеріліп, тұрғындарды әбігерге салды.

Сонымен қатар қатты соққан дауылдан қаладағы кейбір аудан тұрғындары жарықсыз қалған.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 552 рет