Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың тікелей міндеті
Мамандар осылай деп отыр. Олардың сөзінше міндетіне салғырт қараған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осылайша мамандар балалардың суға батуы, терезеден құлауы сияқты келеңсіз оқиғаларды азайтуға болады дейді. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі күнге дейін, Республика бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен (Астана-22, Қарағанды-18, Қызылорда-12) балалардың құлау 123 (өлім-жітім-13; жарақат-110) оқиға тіркелді, ал қала аумағы бойынша балалардың абайсыздан көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлау 5 жағдай (қайтыс болғандар-1, жарақаттанған-4) орын алған. 2023 жылы - 4 жағдай тіркелген.