Шымкент: Жыл басынан бері медициналық әлеуметтік сараптама бөлімдері жалпы 7775 адамға мемлекеттік қызмет көрсеткен
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы баяндады.
Руслан Кәрібайұлының сөзінше, жыл басынан бері азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша – 34 772 мемлекеттік қызметтер көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 948 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, бұл өтініштердің жалпы санының 2,7% құрады. 26 іс-құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданған.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 34 772 оның ішінде;
ХҚКО арқылы - 15257 іс құжат 43,8%,
Электронды үкімет портал арқылы -671 іс 1,9%,
Проактивті қызметтер арқылы 14423 іс 41,5%,
Банктік қосымшалар арқылы 4395 іс 12,6%.
МӘС және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы 26 қызмет түрі көрсетілген 0,07%.
Бөлімдердің мамандары есеп беру кезеңінде 138 азаматтың арыз-шағымдары мен ТМД елдерінен келіп түскен 798 сұраныс хаттарды қарап, заңмен белгіленген мерзім аралығында жауаптар берілген.
Бұхаралық ақпарат құралдарында зейнетақы мен әлеуметтік төлемақылар туралы заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 1 рет жергілікті телеарналарда хабарға қатысып, 2 рет газеттерде мақала жарияланған.
Мүгедектік – бұл көп факторлы медициналық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және құқықтық өзекті мәселе. Мүгедектік, ұлт денсаулығы мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге мемлекет пен үкіметтің әлеуметтік саясатының көрсеткіші болып табылады.
Оның ішіндe:
- Ересек мүгедектігі бар азаматтар саны – 33355 немесе 80,8%,
1) 1 топ – 4459 адам,
2) 2 топ – 15399 адам,
3) 3 топ – 13497 адамнан тұрады.
- Мүгедектігі бар балалар саны – 7906 немесе 19,1%,
1) 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала санаты бойынша – 2729 бала,
2) 1 топтағы мүгедектігі бар – 743 бала,
3) 2 топтағы мүгедектігі бар – 1914 бала,
4) 3 топтағы мүгедектігі бар – 2520 бала
мүгедектердің орталықтандырылған базасында есепте тұрады.
2024 жылғы 6 айға МӘС бөлімдері жалпы 7775 адамға мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде, алғашқы рет куәландырылғаны 1642 адам, қайта куәландырылғаны 5493 адам, негізсіз жолданғандары – 95(325).
Алғаш куәландырылған қызмет алушылар арасынан 1555 (1412) адамға мүгедектік тағайындалған яғни, өткен жылмен салыстырғанда 143 адамға көбейген.
Алғаш мүгедек деп танылғандар ішінен:
- ересектері 1036 адам (945), пайыздық үлесі 66,6%,
- 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 519 бала (467), пайыздық үлесі 33,3% құрайды.