Шымкенттіктердің қауіпсіздігі – басты назарда

Таяуда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын өткізген болатын. Мұнда талқыланған басты мәселе – қала тұрғындарының қауіпсіздігі.

Шымкент: "Қала күнінде" бірқатар азамат марапатқа ие болды

Бүгін қала күніне орай мәдениет ордасы – «Tulip Hall» конгресс холл ғимараты халық игілігіне берілді. «Tulip Hall» ғимаратында алғаш рет «Қала күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты. 

Салтанатты іс-шарада қала әкімі бүгінгі мерекемен құттықтап, қаламызға еңбегі сіңген бірқатар азаматты марапаттады. 

Биыл Шымкентте 12 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізіледі

2024 жылы қала аумағында 12 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» өткен көшпелі баспасөз конференциясында басқарма басшысы Олжас Тәжібаев айтты. 

Шымкентте жастар мен әлеуметтік осал топтағыларға 1900 пәтерді сатып алуға қаржы қарастырылды

Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 12 мектептің (17 300 орын) құрылысын 2024 жылы, ал 6 мектептің (10 300 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» мәлімдеген басқарма басшысы Олжас Тәжібаевтың сөзінше,   2 спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде (№12 спорт мектебі және №15 спорт мектебі). Ағымдағы жылы 1 спорт нысанының құрылысын (№12 спорт мектебі. ҚМЖ-70%) аяқтау жоспарланған. 1 нысан (№15 спорт мектебі. ҚМЖ-10%) құрылысы 2025 жылға өтпелі. 

Шымкент: Биыл 3382 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көпқабатты тұрғын үйдің (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық-42 үй, Ақжайық ш/а-33 үй) құрылысын жүргізу жоспарланған. Ал, 67,3 мың шаршы метр құрайтын 712 пәтерлі 11 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-7 үй, Бозарық ш/а-4 үй) құрылысы 2025 жылға өтпелі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында өткен көшпелі баспасөз конференциясында басқарма басшысы Олжас Тәжібаев мәлімдеді.  

Шымкентте 2022 жылы бесінші аудан құрылды

2018 жыл  – Қазақстан Республикасы картасындағы әкімшілік-аумақтың құрылымына елеулі өзгеріс енуімен есте қалды. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып келген Шымкент қаласының тұрғын саны 1 миллионға жетіп, республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленді.  Осынау тарихи шешім қабылданған 19 маусым Шымкент қаласының  күні болып белгіленді. 

Шымкент: Биылғы жылдың 5 айында 10382 пәтерден 198 кемшілік анықталған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» өткен көшпелі баспасөз конференциясында басқарма басшысы Олжас Тәжібаев айтты. 

Шымкентте заманауи талапқа сай теміржол вокзапының ғимараты қайта жаңартылды

Қала көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға заманауи талапқа сай жайлы жағдай жасау мақсатында теміржол вокзалының ғимараты қайта жаңартылды. 10 жылға жоспарланған инвестиция қаражаты 1 жыл ішінде қарастырылып, былтыр 10 маусымда басталған жұмыстар 2024 жылдың 10 мамырында толық аяқталды. Сенімгерлік басқаруға нысанды беру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары тиімді жүзеге асқанын атап өткен жөн. Мұнда тәулігіне 27 бағыт бойынша поездардың қызметі ұйымдастырылған.

Шымкенттегі қоғамдық көліктер жыл соңына дейін дыбыс құралдарымен жабдықталады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында  өткен баспасөз конференциясында айтылды.