Шымкентте ұмытыла бастаған «Мизам» мерекесі тойланды

Кеше Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қазақ халқының «Мизам» ұлттық мерекесін атап өтті. Аталған іс-шара барысында қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ұмытыла бастаған мерекенің мән-маңызы насихатталып, дәстүрге сай тағамдарды қысқа дайындаудың әдіс-тәсілдері көрсетілді.

Шымкентте «Дәстүрлі қолөнерді қолдайық» атты жәрмеңке ұйымдастырылды

Шымкент қаласында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында "Дәстүрлі қолөнерді қолдайық" тақырыбымен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтуде. Көрме-жәрмеңкеде Түркістан облысы мен Шымкент шаһарынан 40-тан астам қолөнер шебері жүннен, қыштан, ағаштан, темірден жасалған қолөнер бұйымдары мен әртүрлі металлдан жасалған зергерлік бұйымдарын көптің назарына ұсынды. 

Шымкентте «Шабыт» фестивалі шымылдығын түрді

«Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған шараға үміт білдіргендер қарасы көп дейді ұйымдастырушылар. Алғашқы кезеңде үміткерлер дәстүрлі әндерді орындау және эстрадалық вокал бойынша бақ сынады. Фестиваль аясында жастар ән, би, музыка өнері, көркем сурет және әдеби шығарма аталымы бойынша сайысқа түседі.

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы «Кітапхана – жастармен бірге» шарасын өткізді

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы «Темірқазық» клубының бастамасымен жастар жылына және студенттер күніне орай «non stop!» шарасын ұйымдастырды. Ондағы мақсат – жастардың білім-ғылымға қызығушылығын оятып, кітапханаға шақыру. Кеште әдеби-композициялық көрініс қойылып, түрлі танымдық ойындар ойнатылды. 

Шымкент: Е.Айтаханов бабалар ерлігін ұмытпауға үндеді

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Мархабат Байғұт пен тыл ардагері Шерім Медеуовты және «Ерлік» музейінің меңгерушісі Ақмарал Құдайбергенованы қабылдады. Кездесу барысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланып, «Ерлік» музейінің бүгінгі тыныс-тіршілігі сөз болды. 

Шымкенттік делегация Өзбекстанда болып қайтты

Өзбекстандағы Қазақстан жылы және Қазақстандағы Жастар жылы аясында шымкенттік делегация Өзбекстанда үш күндік іс-сапармен болып қайтты. Аталған сапарды қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Silkyway Халықаралық университеті бірлесіп ұйымдастырған.