Сенбі, 22 Тамыз 2020 18:09

Шымкент: Цитадельдегі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Цитадельді қайта жаңғырту бойынша тапсырмасына сәйкес "Ескі қалашық" – Цитадельде  қызу жұмыстар жүруде.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов "Ескі қалашық" - Цитадельде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Ел аузында «Ескі қалашық» немесе  «Цитадель» деп аталатын жерде қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда нысандағы әрлеу жұмыстары – 80 пайызға, абаттандыру –30 пайызға, археологиялық жұмыстар – 60 пайызға аяқталып қалған.

Ескі қалашықтың батыс бөлігінде (подпорные стены), оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бекініс қабырғаларын қалпына келтіру, сондай-ақ, пандуспен кіру жолдары аяқталған. Цитадель төбешігінде жаяу жүргіншілер жолының, айванның, хауздың ғылыми-реставрациялық жұмыстары аяқталып, әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жұмысшы топ 8 бағытта музейлендіру жұмыстарын жоспарға сәйкес атқарып жатыр. Олар ескі қалашықта табылған экспонаттарды музейге қоятын жәдігерлерді бөлу үстінде.

Тарихи нысандағы атқарылып жатқан жұмыстарға қанық болған қала әкімі құрылысты жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 815 рет Соңғы рет өзгертілді: Дүйсенбі, 31 Тамыз 2020 18:20