Дүйсенбі, 19 Қазан 2020 16:42

Түркістан: Қожа Ахмет Ясауиге қатысты тың деректер іздестіруді қолға алған жоба басталды

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

«Ясауи ізімен» жобасы басталды, деп хабарлайды aq-qara.kz ақпарат агенттігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Жобаның мақсаты - түркі әлемінің тұлғасы Қожа Ахмет Ясауи тарихын дәріптеу, балалық шағынан бастап шәкірттеріне дейінгі толыққанды мәліметтерді топтастыру, тың деректер іздеу, насихаттау.

«Осы орайда Қожа Ахмет Ясауидің бабасы Махмұт шайық, әкесі Ибрахим, анасы Қарашаш, ең алғашқы ұстазы Ақ Ата жерленген кесенелеріне тағзым етіп, тарихымен танысу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Махмұт шайықтың әулеті, яғни Ибраһим ата мен Қарашаш ананың отбасы қоныстанған, Ахмет Ясауидің кіндік қаны тамып, балалық шағы өткен қарашаңырақ орнында да түсірілім жұмыстары жүргізілді. Сапар барысында Сайрам тарихы музейі және тарихшылар мен көнекөз қариялардан да тың деректер жинастырылды», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта, Ясауидің ұстаздары мен Қазақстандағы және шетелге таралған ізбасарлары жайлы зерттеу жұмыстары мен түсірілімдер жалғасын табады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

 

Оқылды 720 рет