Сәрсенбі, 28 Қазан 2020 15:41

Түркістанда дін өкілдері марапатталды

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Түркістанда дін өкілдері марапатталды. Бұл туралы aq-qara.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай  бүгін Түркістан қаласында жиын өтті. Облыс аумағындағы діни конфессия басшылары және өкілдері бас қосқан жиында дінаралық  қарым-қатынастарды  нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Қонақтар дін саласы бойынша өзара пікір алмасты. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы Мұсабек қажы Ақтамберді, жергілікті православиелік дін бірлестігінің жетекшісі Олег Соловьев және  басқа да дін өкілдері сөз сөйледі. Діни конфессиялар жетекшілерімен жүздескен өңір басшысының орынбасары Сәкен Қалқаманов дін өкілдерін айтулы күнмен құттықтады. Қабылдау соңында діни конфессиялар жетекшілеріне алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпаттар табысталды.

Айта кетейік, 18-қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бұл мереке бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі болып саналады. Бұл мерекенің арнайы аталып өтуі елімізде бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық орнату.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 378 рет