Сенбі, 27 Ақпан 2021 17:52

Ордабасыда руханияттың алтын бесігі тербелді

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен орайласқан Түркістан облыстық балалар кітапханасының 60 жылдығы Ордабасы ауданында да аталып өтті.

"Бала руханиятының алтын бесігі" тақырыбындағы апталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қасымбай Әбдіхалық арнайы қатысып, кітапсүйер қауымға ізгі ниетін жеткізді.

Сонымен қатар, шара барысында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсаринның шығармалары дәріптелді. Биылғы еліміздің мерейтойлар күнтізбесінде қазақтың алғашқы ағартушысының 180 жылдық мерейтойы енгенін де атап өткеніміз жөн.

Облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры Зоя Бегежанова сөз алып, ғасырдан ғасырға жалғасқан руханият керуенінің мәні мен маңызына тоқталса,

аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қазақ ғұламаларын сөйлетіп, бүгінгі ұрпаққа ұлағаттарын жеткізді.

Әдеби монтаж Ыбырай Алтынсариннің туындыларына арналды. Аудандық "Жас толқын" жасөспірімдер театрының кішкентай өнерпаздары да өнерін ортаға салып, көрерменге қуаныш сыйлады. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 720 рет